Жарияланған күні: 22.12.2016 15:34
Өзгертілген күні: 22.12.2016 15:35

  Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде (бұдан әрі- СҚО бойынша МКД) Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі күніне арналған, мерекелік іс-шара өткізілді.  

  Іс-шара СҚО бойынша МКД қызметкерлері мен мамандарынан құрылған топтың, Қазақстан тәуелсіздігі тақырыбындағы флешмоб биімен басталды.

  Департамент басшысы Данияр Еренғалиұлы Жанәлінов іс-шараны ашып, бүгін қазақстандық тәуелсіздікке халқымыздың ең басты құндылығы ретінде, жиырма бес жыл толып жатқанын атап өтті. 25 жыл бұрын, тәуелсіздік алған Қазақстан өз тарихында жаңа межені белгіледі: нығайды, даму жолында үлкен нәтижелерге қол жеткізді. Қазақстан дамудың жаңа жолына түсіп, халықтың тәуелсіздік туралы ғасырлық арманын жүзеге асырды. Халықтың жаңадан өз мәдениетін, тілін, діні мен сенімін және әдет-ғұрыптарын дамытуға мүмкіндігі туды. Бүгінгі таңда республикамыздың әрбір азаматы өзінің тәуелсіздігіне дән-риза.  Еліміздің тәуелсіздігі – қазақ халқының ең құнды байлығы, үшжүз жылға үзілген  ұлттық еркіндіктің жалғасы. Бүгін, Президенттің және мемлекетіміздің стратегиялық қырағылығы мен терең ойының арқасында халықаралық аренада танымал болып, әлемдік экономикалық жүйеде абыройлы орын алды.

  Ардагерлер кеңесінің атынан құттықтау сөз, кеден органдарының ардагерлер кеңесінің төрағасы, құрметті азамат Бауыржан Ниязұлы Құлжановқа берілді.

Әрі қарай, Данияр Еренғалиұлы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығына арналған медаль дәне құрмет грамоталарымен марапаттау рәсіміне сахнаға шақырылды.

 Солай, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің (бұдан әрі-ҚР ҚМ МКК) органдарының ардагерлер ассоциясының 2016 жылғы 5 желтоқсандағы №4 бұйрығымен, салық органдары, кеден қызметі, қаржы полициясында көпжылғы мінсіз еңбегі,  Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 25-жылдығын мерекелеу құрметіне «Мемлекеттік кірістер комитеті» мерейтой төсбелгісімен «ҚР ҚМ МКК органдарының ардагерлер ассоциациясы» филиалдарының басшылары

  • Құлжанов Бауыржан Ниязұлы – кеден қызметі органдарының ардагерлер кеңесінің төрағасы; 
  • Бекназарова Зияда Жанатайқызы - салық қызметі органдарының ардагерлер кеңесінің төрағасы;
  • Бекмухаметов Мурат Даулиевич- қаржы полициясы органдарының ардагерлер кеңесінің төрағасы марапатталды.

Салық және кеден органдарының, қаржы полициясының дамуына

айрықша үлес қосқаны, сол сиқяты Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығына орай ҚР МКК Төрағасының атынан салық қызметінің ардагері Алла Егоровна Хамзинаға, кеден қызметінің ардагері Сейт Қазиұлы Уақпаевқа және қаржы полициясы органдарының ардагері Сабит Сейтқасымұлы Байтеленовке алғыс жарияланды.

         Қазақстан Республикасының мемлекеттігін құруға, егемендікті нығайтуға және әлеуметтік-экономикалық дамытуға айрықша үлес қосаны үшін, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерейтой медалімен:

  • Қабдөшев Төлеген Дәстемұлы –СҚО бойынша МКД басшысының орынбасары;
  • Дарбаев Оразғали Болатұлы- СҚО бойынша МКД басшысының орынбасары;
  • Әлмурзин Шоқан Сапұлы- Уәлихан ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы; 
  • Әбілева Лилия Мырзатайқызы – түсіндіру жұмыс басқармасының басшысы;
  • Матюшина Наталья Александровна- Профилактикалық жұмыс және бақылау басқармасының аса маңызды істер бойынша бас маман-аға тергеуші;
  • Шайкенов Булатбек Есләмбекұлы- адам ресурстары басқармасының басшысы;  
  • Шәкенова Қарлыгаш Серікқызы – Ұйымдастыру-қаржы басқармасының ұйымдастыру бөлімінің басшысы;
  • Жүсіпова Ғалия Сейтбаталқызы  - талдау және тәуекелдер басқармасының басшысы;
  • Шәкенов Тірек Есенбекұлы – қаржы саласында құқықбұзушылықтар басқармасының басшысы;  
  • Божок Александр Анатольевич- аудит басқармасының №3 аудит бөлімінің басшысы  марапатталды.

ҚР ҚМ МКД бұйрығымен құрмет грамотасымен:

Берденбеков Марат Мағжанұлы – СҚО бойынша МКД жедел-іздестіру қызметі басқармасының аса маңызды істер бойынша  бас маманаға офицері;

Сахатов Ренат Рашидұлы - СҚО бойынша МКД салық және кеден салаларындағы құқық бұзушылықтарды тергеу басқармасының бас маманаға офицері марапатталды.

Сол сияқты,  Битанова Жібек Тілегенқызына – СҚО бойынша МКД ақпаратты қорғау бойынша бөлімнің басшысына алғыс жарияланды

Облыс Әкімінің құрмет грамотасымен  Усенко Палина  Александровна– СҚО бойынша МКД Ұйымдастыру-қаржы басқармасының бухгалтерлік есеп және мемлекеттік сатып алу бөлімінің басшысы және  Кузнецова Ирина Викторовна- СҚО бойынша МКД тауарлар номенклатурасы және кедендік құн басқармасының басшысы марапатталды.  

       СҚО бойынша МКД бұйрығымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығына құрмет грамотасымен

  • Аубакирова Зауре Есемсеитқызы- мемлекеттік қызмет көрсетулер басқармасының өндірістік емес төлемдер бөлімінің басшысы 
  • Туралинова  Бибігүл Найманқызы – борыштармен жұмыс басқармасының мәжбүрлеп өндіріп алу бөлімінің бас маманы 
  • Хоменко Стелла Владимировна ақпараттық технологиялар басқармасының бас маманы 
  • Рамазанова Салима Есламбекқызы- түсіндіру жұмыс басқармасының бас маманы 
  • Ганке Назгүл Теңдікқызы- профилактикалық жұмыс және бақылау басқармасының аса маңызды істер бойынша бас маман-аға офицер марапатталды.

Одан басқа, СҚО бойынша МКД бұйрығымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығына арналған, Қазақстан Республикасы  салық және кеден органдарының құрылғанына 25 жыл толуына орай, ҚР мемлекеттік кірістер органдарының арасында шағын футболдан Республикалық турнирге белсенді қатысып спорттық нәтижелерге жеткені үшін және Департаменттің қоғамдық өміріне белсенді қатысқаны үшін, департаменттің бірқатар мамандарына алғыс жарияланды