
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиімді күрес пен қарсы іс-қимыл жасау Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басты мақсаты. Бұл мәселенің шешімінен біздің мемлекетіміздің қауіпсіздігі, салауаттығы және болашағы тікелей байланысты.
Департаментте ҚР «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңның, ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес», «ҚР мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі» Заңын сақтау, Департаменттің әкімшілік қызметшілері жағынан құқыққа қайшы келетін әрекеттерін болдырмау және алдын алу бойынша тәртіптік тәжірибені талдау жүргізіледі.
Департаментте сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер бойынша іс-шаралар «2015-2017 жылдарға арналған Қазақстан Республикасы мемлекеттік кірістер органдарында сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету бойынша іс-шаралар жоспары» 2015 жылғы 28 қыркүйектегі № 605 ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті Төрағасының бекітілген бұйрығына сәйкес өткізіледі.
Есепті кезеңде Департаменттің Ішкі қауіпсіздік басқармасы жемқорлыққа қарсы тақырыпта 73 алдын алу іс-шараларын өткізді. Департаменттің және аумақтық бөлімше қызметкерлерімен жемқорлық құқық бұзушылықтың алдын алу, сол сияқты үшінші тұлғалар жағынан арандату және заңсыз әрекеттер жасаудан қорғау мақсатында техсабақтар өткізіліп тұрады. «Петропавл-КРО» к/б-да кеден бекетінің және пост-кедендік бақылау бөлімінің (кеден бекетінің ғимаратында орналасқан) қызметкерлері және кеден маңындағы құрылымдардың және СЭҚ қатысушыларды шақырумен «Департаменттің кеден блогының лауазымды тұлғалары жағынан сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында, сол сияқты үшінші тұлғалар жағынан арандату және заңсыз әрекеттер жасаудан қорғау мақсатында» техсабақтар өткізілді. Салық бағыты бойынша «сыбайлас жемқорлық мақсатында салық салу саласындағы жауапкершіліктен әкетудің өзекті мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Мемлекеттік кірістер органдарының жұмысы тұрғындармен тікелей ұдайы байланысты болжайды, біздің салада сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықты жасау қаупі бар, соған байланысты Департаментте осы бағытта жүйелі жұмыс жасау моделі құрылған.
Салық төлеушілер, сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға Департаменттің лауазымды тұлғалары жағынан сыбайлас жемқорлық фактілері, мемлекеттік қызметшінің Әдеп кодексінің нормаларын бұзушылықтары туралы хабарламалар жіберу үшін, Департаменттің сайтында, Солтүстік Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік кірістер органдарының барлық ғимараттарында, Петропавл қаласының базарларында және сауда үйлерінде сенім телефонымен (8-715-2-46-02-31, 8-707-7-46-02-31)
СҚО бойынша МКД