
Салтанатты іс-шараны Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Руслан
Қайыргелдіұлы Рақымберді құттықтау сөзімен және еңбек ардагерлеріне алғыс сөзімен ашты.
Құттықтау бөлігінен кейін басшының орынбасары мемлекеттік кірістер органы жүйесіндегі көп жылғы, мүлтіксіз еңбегі, жас қызметкерлердің тәрбиесіне үлкен адамгершілік-патриоттық жеке үлес қосқаны үшін және Халықаралық қарт адамдар күніне орай келесі еңбек ардагерлері алғыс хатпен марапатталды:
Н.К. Дылдина, М.Ахметов, Т.В.Крамских, Р.М. Аяғанова, Н.П. Ведерникова, С.К.Сәрсенбаев, Н.П.Ковалева, М.М.Мовилян, Н.А.Проскура, Г.Ж.Тәженова, Г.М.Құрманова, В.И. Фоменко
Соңында еңбек ардагерлері үшін салтанатты қонақ асы ұйымдастырылды.
СҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті