СҚО полиция және мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері тиісті құжат ресімделмей, алып өтілген сыраны анықтады.
Қазақстан Республикасының бүкіл әлемдік сауда ұйымына кіруіне байланысты және БСҰ Қазақстан Республикасының қосылған шарты ретінде қабылданған, әкелінетін кедендік баждың төменгі ставкаларынан асыра қолдану мақсатында, төмендетілген кедендік баж ставкалары бойынша Қазақстан Республикасына әкелуге болатын, тауарлар тізімдемесі бекітілді.
Қазіргі таңда жергілікті полиция қызметі және СҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті (бұдан әрі-департамент) қызметкерлерінің қатарынан мобильді топ ұйымдастырылған.
Департаменттің экономикалық тергеу қызметі және жергілікті полиция қызметінің қызметкерлерімен бірлескен іс-шаралар жүргізу барысында «Мамлютка» КБ «Вольво» а/м ұсталды. Үлкен жүкті автомобиль жалпы салмағы 18,5 тонна, «Балтика» сыра банкалары және шыныларымен жәшіктер тиелген. ЖПҚ батальонының полиция қызметкері А.Жұмашев құжаттарды тексеру үшін фургонның жүргізушісін тоқтатты.
Департаменттің экономикалық тергеу қызметінің қызметкерлері жүкті алып өтуге барлық қажетті құжаттардың жоғына көңіл аударды. Халықаралық жүктерді тасымалдауға тек бір құжат берілген,оның растығы МКД қызметкерлерімен тексерілетін болады. Петропавл қ. тұрғыны, 50 жастағы жүргізуші жүк тасымалдаумен айналысатынын, түсіндірді. Астана қаласынан Түмен облысына сыраны алып өту үшін жалдаған. Барлық тиісті құжаттар тауарды қабылдайтын, тарапқа факспен жолданған тәрізді.
Экономикалық тергеу қызметімен осы факт тіркелген, тексеріс іс-шаралары жүргізілуде. Көлік құралы мен тауар уақытша сақтау қоймасына қойылды.