
«Зияткерлік меншікті қорғау» Дүниежүзілік экономикалық форумның Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінің индикаторын жақсарту мақсатында Қазақстан Республикасының Әділет министрлігімен халықты ауқымды қамту және 2018 жылдың 19-23 ақпаны аралығындағы кезең ішінде зияткерлік меншік объектілеріне құқықтарды қорғау мәселесіне құқық иелерін тарту үшін «Контрафакт» республикалық акциясын өткізу жоспарланды.
Іс-шара шеңберінде 14 жастан бастап біздің облысымыздың тұрғындары арасында «Зияткерлік меншік құқықтарын қорғау» тақырыбына ең жақсы мақала және «Контрафактіге жол жоқ!» билбордының нобайы конкурстарын өткізу көзделіп отыр.
Бұдан артық, 18 жас санаты арасында «Зияткерлік меншік құқықтарын қорғау» тақырыбына ең үздік бейнеролик конкурсын өткізу жоспарланып отыр.
Әр облыстың ең үздік жұмыстары қорытынды жасау үшін ҚР Әділет министрлігіне жолданатын болады.
Жүлделі орынға ноутбук сыйлық ретінде жарияланды!!!
Біздің қаланың азаматтарын, жастарын бей-жай қалмай, конкурстарға белсенді қатысуларын сұраймыз! Өтінімдерді қабылдау мерзімі а.ж. 7 ақпанына дейін.
Конкурсқа қатысу үшін өтінімдерді рәсімдеу мәселелері бойынша келесі телефон бойынша жүгінуіңізді сұраймыз: 33-39-63 Солтүстік Қазақстан облысы Әділет департаментінің зияткерлік меншік құқықтары жөніндегі бөлімі.
СҚО Әділет департаментінің
баспасөз қызметі