Жарияланған күні: 28.01.2016 12:49
Өзгертілген күні: 28.01.2016 12:56

СҚО бойынша МКД мобильді топ жұмыс істейді.

 

Бүкіл әлемдік сауда ұйымына Қазақстан Республикасының  кіруіне байланысты, кеден баждары ставкасы қолданылатын, тауарлар тізімі бекітілді. 

                Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментімен жергілікті полиция қызметімен бірлескен, Петропавл қаласының «Оңтүстік» және «Батыс» бақылау бекеттерінде Ресей Федерациясына және одан тауарлардың орын ауыстыруына бақылауды және мониторингті іске асыратын, кеден және салық блоктарының, экономикалық тергеу қызметінің қызметкерлер қатарынан мобильді топ құрылды. 

         Бақылауды іске асырғанда бірінші кезекте  Ресей Федерациясына тасып шығарылған, автокөлік құралдарының орын ауыстыратын тауарға жолдама құжаттары тексеріледі, атап айтқанда тауар көлік құралдарының бары және  бекітілген  алу тізімдемесіне  кіретін  тауарлар.   

Бекітілген тізімнен  тауарлардың барында  міндетті түрде мемлекеттік кірістер органымен куәландырылған  электронды шот- фактура  міндетті түрде болуы  қажет. Электронды шот- фактура  болмаған жағдайда, осындай тауарларды Ресей Федерациясына әкетуге жол берілмейді.     

Бұдан басқа, салық заңнамасын сақтауды қамтамасыз ету мақсатында, әкелінетін тауарлар мониторингі іске асырылады. 

 

 СҚО бойынша МКД