2016 жылғы 25 наурызда Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде Консультативтік кеңестің кезекті отырысы өткізілді. «2016 жылға департаменттің жұмыс қорытындылары мен 2016 жылға міндеттері туралы» тақырыбына баяндамамен департамент басшысының орынбасары У.Дарбаев сөз сөйледі. Көбінесе, салық қызметі органдарының басты міндеті салық және бюджетке түсетін басқа да міндетті төлемдердің толық түсімдерін қамтамасыз ету болып табылатыны, баяндамада айтылды.
Мемлекеттік бюджеттің түсімдері бойынша жоспар 102,3% -ға орындалды немесе 1 340 млн.теңгеге жоспардан артық, сонымен қатар:
Республикалық бюджетке 27 889,5 млн.теңге түсті, 104,6%-ға орындалды немесе 1 223 млн. теңгеге жоспардан артық.
Жергілікті бюджетке 31 912,1 млн.теңге түсті, 100,4% орындалды немесе 116 млн. теңгеге артық.
Салық органдарының тиімді қызметінің көрсеткіштерінің бірі салық және бюджетке түсетін басқа да міндетті төлемдердің өсу қарқынын қамтамасыз ету болып табылады. 2014 жылмен салыстырғанда мемлекеттік бюджетке түсімдердің өсу қарқыны 108,8% құрды немесе 4 847 млн. теңгеге артық түсті.
Бюджетке салық және төлемдер түсімдерінің артуы экономикалық-бақылау жұмыстарын күшейту және мемлекеттік органдармен жолға қойылған өзара іс-қимыл, салықты әкімшілендіру сапасын арттыру нәтижесінде мүмкін болды, бұл бюджетке салық және төлемдер түсімдерінің динамикасына оң әсерін тигізеді.
Мемлекеттік кірістер органдарында сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу туралы департаменттің Ішкі қауіпсіздік басқармасының басшысы Д.Ж.Қадыров сөз сөйледі.
Өз баяндамасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша департаментте жүргізілген алдын-ала іс-шаралардың нәтижелерімен кеңес қатысушыларын таныстырды, сонымен қатар департаменттің аудандық бөлімшелерінде жүргізілетін жұмыс туралы айтты. Департаменттің 8-715-2-46-02-31 сенім телефонын атады.
Бұдан басқа, ҚР «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» кодекстің 30 бабы 7 тармағы 3 тармақшасына өзгерістер енгізу туралы Консультативтік кеңес қатысушының ұсынысы талқыланды. Талқылау нәтижелері бойынша ҚР ҚМ МКК-не ақпарат жолдау жөнінде шешім қабылданды.