Жарияланған күні: 03.10.2017 10:28
Өзгертілген күні: 03.10.2017 12:22

   Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде еңбек ардагерлерін құттықтау дәстүрге айналған. 29 қыркүйек күні  мерекелік кешке арналып, жайылған дастархан басында, мемлекеттік кірістер органының ардагерлері бас қосты.   

  СҚО бойынша МКД басшысының орынбасары Р.Қ.Рақымберді     алғыс сөзбен, жүрекжарды  тілегін  жеткізді. Оларға  зор денсаулық пен ұзақ өмір тілеп,  Тәуелсіз Қазақстанның   қалыптасуы мен дамуына қосқан   баға жетпес үлестерін  жоғары бағалады.   

Облыстың   кеден органы ардагерлер кеңесінің төрағасы Б.Н.Күлжанов, департамент басшылығы тарапынан  көрсетілген   ықылас  пен қолдауға алғысын білдірді.   

    Сонымен қатар халықаралық   Қарттар күні  қарсаңында, Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері  ардагерлерге материалдық көмек көрсетті.