Жарияланған күні: 12.12.2018 12:35
Өзгертілген күні: 12.12.2018 12:42

         Біздің елімізде салық заңнамасын дамытумен және жетілдірумен кәсіпкерлерде салық төлеудің әлдеқайда көп нұсқалары пайда болды. Бүгін мемлекет бизнеске қолданыстағы салық салу жүйесінің кез келген түрін ұсынады. Қазақстан Республикасының Үкіметі елдегі шағын бизнестің дамуын белсенді ынталандыратынын да атап өтпеске болмас.

         Мемлекеттік бюджетке салық төлемдері түсімдерінің толықтығы мен уақтылығы – бұл біздің мемлекетіміздің экономикалық тұрақтылығы факторларының бірі.

         Алайда, барлық салық төлеушілер салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді толық төлеу бөлігінде салық міндеттемелерін уақтылы орындамайды.

         Мемлекеттік кірістер органдарының алдында тұрған басты міндеттердің бірі - ықылассыз салық төлеушілерден мемлекет алдындағы қарызды өндіріп алу.

         Белгіленген мерзімде орындалмаған салық міндеттемесін орындау мынадай тәсілдермен қамтамасыз етілуі мүмкін:

         - өсімпұл есептеу,

         - шығыс операцияларын тоқтата тұру,

         - мүлікке билік етуді шектеу.

         Бұдан басқа, салық міндеттемесін мәжбүрлеп өндіріп алу шаралары қолданылады:

         - банк шоттарындағы ақша есебінен,

         - дебиторлардың шоттарынан өндіріп алу,

         - билік етуі шектелген мүлікті сату есебінен өндіріп алу.

         Мүлікті өткізуге беру үшін, сондай-ақ мүлікті сатуға қою үшін салық органының салық төлеушінің (салық агентінің) мүлікке билік етуін шектеу туралы қаулысы, мүлікке билік етуді шектеу туралы салық органы шешімінің көшірмесі және тізімдеме актісі негіз болып табылады.

         Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 2 маусымдағы № 618 қаулысымен бекітілген Салық төлеушінің (салық агентінің) билік етуі шектелген мүлкін салық берешегі есебіне өткізу ережесіне сәйкес, салық төлеушінің (салық агентінің) шектеулі мүлкін салық берешегі есебіне сатуды «Оңалту және активтерді басқару компаниясы» АҚ (бұдан әрі - Компания) электрондық аукцион өткізу жолымен жүзеге асырады.

         Мүлікті бағалау мемлекеттік сатып алу жолымен анықталған және мүлікті бағалау бойынша қызмет көрсету туралы Компаниямен шарт жасасқан жеке немесе заңды тұлғамен жүргізіледі. Бұл ретте мүлікті бағалау борышкер бойынша мәліметтер мемлекеттік кірістер органының дерекқорына енгізілген күннен бастап күнтізбелік 20 күннен аспайтын мерзімде жүргізіледі.

         Бағалау жүргізілгеннен кейін мүлік электрондық аукционда өткізу үшін беріледі.

         Бағалаушы мен аукционды ұйымдастырушының қызметтерін шегере отырып, билік етуі шектелген мүлікті өткізуден түскен сомалар салық төлеушінің салық берешегін өтеу есебіне бюджет кірісіне есептеледі.

         Билік етуі шектелген мүлікті сатып алу жөніндегі аукционға қатысуға жеке және заңды тұлғалардың құқығы бар, сауда-саттық өткізу туралы барлық қажетті ақпаратты «www.gosreestr.kz» сайтынан алуға болады.

         Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінде әкімшілік жауапкершілік көзделген.

         Салық міндеттемелерін уақтылы және толық орындау салық төлеушілерге әкімшілік ықпал ету шараларын қолдануды болдырмайды.

         Мұның барлығын белгіленген салықтарды, алымдарды және басқа да міндетті төлемдерді уақтылы және толық төлеген кезде болдырмауға болады.

         Жаңа жыл мерекесі қарсаңында барлықтарыңызды салық төлеуге және Жаңа жылды қарызсыз қарсы алуға шақырамыз!

 

                                                                         СҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті
                                                                                                             Берешекпен жұмыс басқармасы
                                                                                                                                     Қалиев Спартак