
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті кедендік баждар, салықтар мен кедендік алымдар бойынша берешектің жоқтығы және (немесе) бар екендігі туралы мәліметтерді алу жөнінде келесіні хабарлайды.
Төлеуші кедендік баждар, салықтар мен кедендік алымдар бойынша берешектің жоқтығы және (немесе) бар екендігі туралы мәліметтерді алу үшін Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіне өтінішті береді (Петропавл қ. К.Сүтішев к. 56, кеңсе).
Өз кезегінде мемлекеттік кірістер органы жеке кәсіпкердің қызметі тоқтатылған немесе заңды тұлға таратылған, қайта ұйымдастырылған жағдайда қажетті, салық және кеден төлемдері туралы берешектің жоғы (бары) туралы анықтаманы төлеушіге беру және құру жолымен көрсетілген берешектің жоғы және (немесе) туралы мәлімет береді.
Салық және кеден төлемдері бойынша берешектің жоқ (бары) екендігі туралы анықтама, салық және кеден төлемдері бойынша тоқтатылмаған міндеттерді көрсетумен есеп деректері бойынша құрылады және де оны берген кезден бастап күнтізбелік отыз күн бойы жарамды болады.
Жеке кәсіпкердің қызметі тоқтатылған немесе заңды тұлға таратылған, қайта ұйымдастырылған жағдайда кеден органы берешектің жоқтығы туралы анықтаманы және (немесе) берешектің жоқтығы (бар екендігі) туралы анықтаманы төлеушінің аталған анықтаманың біреуін алуға арналған өтінішінің және кедендік баждар, салықтар мен кедендік алымдар бойынша салыстыру актісінің негізінде береді.
Анықтаманы беру мерзімі төлеушінің өтінішін тіркеген күннен бастап бес жұмыс күнін құрайды.
СҚО бойынша
Мемлекеттік қызмет көрсетулер басқармасы