Ең бірінші артық төлемнің сомасы неден пайда болғаның түсіну қажет. Ол әр түрлі себептен болуы мүмкін: бухгалтердің қателігінен, салық есептілігін азайту жағына тапсыру нәтижесі, салық сомасын артықтау төлеу салдарында және с.а.
Өткен салық кезеңдеріндегі салықтың, төлемақының, алымның және өсімпұлдың осы түрі бойынша есеп-қисаптар ескеріле отырып, салықтың, төлемақының, алымның және өсімпұлдың салық кезеңінде бюджетке төленген (есепке жатқызылған және қайтарылған сомаларды есепке ала отырып) және есептелген, есепке жазылған (кемітуді есепке ала отырып) сомалары арасындағы оң айырма салықтың, төлемақының, алымның және өсімпұлдың артық төленген сомасы болып табылады (СҚ.599 б. 2 т).
Салықтың, төлемақының, алымның артық төленген сомасы салық берешегін өтеу және алдағы төлемдерді төлеу есебіне мынадай тәртіппен:
1) салық төлеушінің өтінішінсіз:
салықтар, төлемақылар, алым бойынша бересіні;
салықтың, төлемақының, алымның осы түрі бойынша өсімпұлды;
салықтың, төлемақының, алымның осы түрі бойынша айыппұлды – өтеу есебіне;
2) есепке жатқызуға салықтық өтініш бойынша:
салық төлеуші есепке жатқызуға салықтық өтінішінде көрсеткен салықтың, төлемақының, алымның түрі бойынша бересіні өтеу;
салық төлеуші есепке жатқызуға салықтық өтінішінде көрсеткен салықтың, төлемақының, алымның түрі бойынша өсімпұлды өтеу;
салық төлеуші есепке жатқызуға салықтық өтінішінде көрсеткен салықтың, төлемақының, алымның түрі бойынша айыппұлды өтеу;
егер осы баптың 13 және 15-тармақтарында өзгеше белгіленбесе, салық төлеуші есепке жатқызуға салықтық өтінішінде көрсеткен салықтың, төлемақының, алымның түрі бойынша алдағы төлемдерді – төлеу есебіне міндетті түрде есепке жатқызылады (СҚ.599 б. 11 т).
Өсімпұлдардың бюджетке артық төленген сомасы мынадай тәртіппен:
1) салық төлеушінің өтінішінсіз:
салықтың, төлемақының, алымның осы түрі бойынша бересіні;
салықтың, төлемақының, алымның осы түрі бойынша айыппұлдарды өтеу есебіне;
2) есепке жатқызуға салықтық өтініші бойынша:
салық төлеуші есепке жатқызуға салықтық өтінішінде көрсеткен салықтың, төлемақының, алымның түрі бойынша бересіні өтеу;
салық төлеуші есепке жатқызуға салықтық өтінішінде көрсеткен салықтың, төлемақының, алымның түрі бойынша өсімпұлды өтеу;
салық төлеуші есепке жатқызуға салықтық өтінішінде көрсеткен салықтың, төлемақының, алымның түрі бойынша айыппұлды өтеу;
егер осы баптың 14 және 16-тармақтарында өзгеше белгіленбесе, салық төлеуші есепке жатқызуға салықтық өтінішінде көрсеткен салықтың, төлемақының, алымның түрі бойынша алдағы төлемдерді төлеу есебіне есепке жатқызылуға тиіс. (СҚ.599 б. 12 т).
Есепке жатқызуды жүргізу мерзімі:
- есепке жатқызуға салықтық өтініш бойынша – осындай өтініш салық органына ұсынылған күннен бастап;
- өтінішсіз – жеке шотта артық төленген сома түзілген күннен бастап он жұмыс күнін құрайды.
Салықтың, төлемақының, алымның және өсімпұлдың артық төленген сомаларын, басқа салық төлеушінің салық берешегін өтеу есебіне есепке алуға жатқызылмайды.
СҚО мемлекеттік кірістер департаменті