Жарияланған күні: 18.01.2016 15:52
Өзгертілген күні: 18.01.2016 15:53

       Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 2015 жылға КТС бойынша декларацияны тапсырғанға дейінгі кезең үшін төлеуге жататын, 2016 жылға  корпоративті табыс салығы  бойынша     аванстық төлемдер сомасының соңғы қосымша есеп-қисабын  тапсыру мерзімі  ағымдағы жылдың  20  қаңтарында аяқталатынын,  корпоративті табыс салығы төлеушілерінің назарына жеткізеді (бұдан әрі- КТС бойынша АТ есеп-қисабы ).    

 КТС бойынша АТ есеп-қисабы   (  101.01нысаны) салық төлеушінің орналасқан жері бойынша салық органына  тапсырылады.   

Өткен салық кезеңі үшін  корпоративті табыс салығы  бойынша   декларацияны тапсырғанға дейінгі  кезең үшін  төленуге тиіс, КТС бойынша АТ сомасы өткен салық кезеңі үшін   аванстық төлемдер сомалары есеп-қисабында  есептелген, аванстық төлемдердің жалпы сомасынан  төрттен  бірі  мөлшерінде есептеледі.  

2016 жылғы 1 қаңтардан бастап Салық кодексінің 141 бабына норма қолданысқа енгізілді, осыған келісілген егер өткен салық кезеңі үшін   декларацияны тапсырғанға дейінгі мерзімде төлеуге тиесілі, КТС бойынша АТ есеп-қисабында аванстық төлемдер сомасын салық төлеуші төмендеткен жағдайда,  салық кодексінің 141 бабы 4 тармағының екінші бөлігімен    анықталған, белгіленген  тәртіпте  оң айырмашылық мөлшері және аванстық төлемдер сомасының  және салық кодексінің 142 бабы 2 тармағымен анықталған,төлем мерзімі бойынша осындай есеп-қисапта көрсетілген,  аванстық төлемдер сомасының арасындағы мөлшерде көрсетілген кезең үшін   аванстық төлемдер сомасының  есептеуін жүргізуге құқылы.    

    Яғни, аванстық төлемдер сомасының төмендетілген жағдайда, 101.01. нысанда көрсетілген, 2015 жыл үшін аванстық төлемдер сомасы және аванстық төлемдердің жалпы сомасынан төрттен  бірі  мөлшерінде есептелген,  аванстық төлемдер сомасы және оң айырмашылық сомасы арасындағы есептеу жүргізіледі.