Жарияланған күні: 23.10.2018 17:43
Өзгертілген күні: 23.10.2018 17:43

СҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 2018 жылдың 1 қазанынан бастап құрылған салық берешегі өтелмеген жағдайда жеке тұлғаларға Хабарлама жіберілетінін хабарлайды.

Бұдан әрі, жеке тұлға 1 еселенген айлық есептік көрсеткіштен (2018ж.- 2 405 теңге) астам мөлшерде салық берешегін төлемеген немесе толық төлемеген жағдайларда салық органы Хабарлама тапсырылған күннен бастап отыз жұмыс күні өткеннен кейін "Жеке тұлғаның берешегін өндіріп алу туралы салық бұйрығын " шығарады және жеке тұлғаға жібереді.

Электрондық салық төлеуші ретінде тіркелген жеке тұлғалар Хабарлама мен Салық бұйрығын салық төлеушінің кабинеті арқылы электрондық арна арқылы алады.

Жеке тұлға салық берешегін өтемеген кезде салық органы жеке тұлғаға салық бұйрығы тапсырылған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей, мұндай Салық бұйрығын Қазақстан Республикасының атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы заңнамасында айқындалған тәртіппен мәжбүрлеп орындату үшін атқарушылық іс жүргізу органдарына жібереді.

 

 

 

СҚО бойынша МКД