Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті ескертеді.
Жеке кәсіпкердің (ЖК) міндетті мемлекеттік тіркеуіне жеке кәсіпкерліктен 12 еселік еңбек жалақысының ең төменгі мөлшерінен аса біріккен жылдық табысы бар (бар деп жорамалданатын) жеке тұлғалар жатады (2016 ж. – 274308 теңге) (ҚР СК 157 б., ҚР КК 35 б. 2 т.).
ЖК тіркеу мемлекеттік кірістер органдарымен жүргізіледі.
Құжаттар:
- Белгіленген нысан бойынша өтініш;
- ЖК орналасқан жерін растайтын құжат.
ЖК орналасқан жерін растайтын құжат, жылжымайтын мүлік немесе оны пайдалануға меншік құқығын растайтын атаулы анықтама немесе құжат болып табылады.
ЖК ретінде тіркеу үшін арыз беруші салықтық өтінішті тіркеу органына қағаз жеткізгіште немесе «электронды үкімет» веб-порталы арқылы электронды түрде келу тәртібінде ұсынуға құқылы.
Келу тәртібінде ұсынылған кезде, жеке басты куәландыратын құжат ұсынылады.
Мемлекеттік кірістер органы құжаттар жеке тұлғаме ұсынылған кезден бастап бір жұмыс күні ағымында ЖК мемлекеттік тіркеуін жүргізеді.
ЖК мемлекеттік тіркеуін өткен кезде салық салудың бір режімін таңдау қажет:
- Салық салудың жалпы белгіленген тәртібі.
- Арнайы салық режімдері (оңайлатылған декларация немесе патент негізінде).
Салық заңнамасына сәйкес мерзіміне салықтық есепті ұсынуға және салықтық есептеу және төлеу бойынша кейіннен салықтық міндетті орындау.
«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексі бойынша мемлекеттік тіркеусіз кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылғанына назар аударамыз.