
Сіз бұл қызметті ақпараттық жүйе арқылы ала аласыз. Ол үшін http://kgd.gov.kz WEB-порталында тіркеуден өту қажет:
1 қадам. Интернетте http://kgd.gov.kz сайтын ашамыз және WEB-порталда авторизациядан өтеміз. МКК WEB - порталын пайдаланушының жеке кабинетінде «Резидент еместі тіркеуге өтінімдер журналы» мәзір тармағын таңдау қажет.
2 қадам. Өтінішті WEB-порталда жеке кабинетте толтырамыз. Ол үшін «Өтініш беру» батырмасын басу қажет
3 қадам. Пайдаланушыны WEB - порталда тіркеу кезінде көрсетілген электрондық пошта мекенжайына уәкілетті органда өтінішті өңдеу нәтижесі туралы хат жіберіледі.
Нәтижені үйден шықпай-ақ http://kgd.gov.kz сайтынан көресіз
«Резидент еместі тіркеуге өтініштер» журналында уәкілетті органда өтінішті қарау мәртебесін қарау, резидент еместі тіркеу туралы куәлікті жүктеу мүмкіндігі ұсынылған.
Оңай іздеу үшін сүзгі бар. «Өтінім нөмірі», «Заңды тұлғаның атауы», «Мәртебе», «дейінгі күні», «кейінгі күні» өрістері бойынша іздеу қолжетімді. Журналдағы өтініштер берілген күні бойынша ең кейінгі күннен ең алдыңғыға қарай сұрыпталады, әдепкі қалпы бойынша өтініштер ағымдағы айда көрсетіледі.
Толық нұсқаулық https://sko.kgd.gov.kz/ru/depsection/yuridicheskim-licam сайтында орналасқан