Жарияланған күні: 13.06.2023 20:50
Өзгертілген күні: 13.06.2023 20:51

 Салық кодексінің 683 - бабы 4-тармағының 3) тармақшасына сәйкес шағын бизнес субъектілері үшін әртүрлі елді мекендерде өзге де оқшауланған құрылымдық бөлімшелері және (немесе) салық салу объектілері бар салық төлеушілердің СРН қолдануға құқығы жоқ.

Шағын бизнес субъектілері үшін АСР Салық кодексінің 678-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес мыналарды қамтиды:

Патент негізінде АСР;

Жеңілдетілген декларация негізінде АСР;

Тіркелген шегерімді пайдалана отырып, АСР;

Арнайы мобильді қосымшаны қолдана отырып, АСР.

Осылайша, бөлшек салықтың АСР-і шағын бизнес субъектілері үшін АСР-ге жатпайтынын ескере отырып, бөлшек салықтың АСР-ін қолданатын салық төлеушілер әр түрлі елді мекендерде қызметті жүзеге асыруға құқылы.