Жарияланған күні: 30.11.2018 18:29
Өзгертілген күні: 04.12.2018 09:14

     21.11.2018 жылы Мағжан Жұмабаев атындағы аудан бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының ғимаратында әдеп жөніндегі уәкіл СҚО бойынша Мемлекеттік қызметтер басқармасының басшысы Қ.С. Шакенова «Мемлекеттік қызметшінің әдеп және мінез-құлық нормалары» тақырыбында көшпелі семинар өткізді.

     Семинар өткізу барысында МҚБ қызметкерлеріне мемлекеттік қызметшінің жұмыс және жұмыстан тыс уақытта негізгі тәртіп ережелері жеткізілді және мемлекеттік қызметшілердің тәжірибесінде жиі кездесетін әдепке жатпайтын мінез-құлық фактілерін келтірді, сонымен қатар, әкімшілік ресурстарды заңсыз пайдалану, азаматтармен әдеттен тыс мінез - құлық, жұмыстан тыс уақыттағы мінез-құлық, қызметтік қарым-қатынас, өкілеттіктерді теріс пайдалану, іскерлік этикет пен ресми мінез-құлық ережелерін бұзу сияқты жағдайлық мысалдар қаралды. Одан әрі мемлекеттік қызметшілердің әдеттен тыс мінез-құлқымен бейнеролик көрсетілді.