
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер органдарының құрылған күніне арналған мерекелеу құрметіне Департамент мамандарымен салтанатты жиналыс өткізілді.
Іс-шараны Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті бастығының міндетін атқарушы Төлеген Дәстемұлы Қабдөшев ашып, әріптестерін және ардагерлерді кәсіби мерекемен құттықтады.
Өз сөзінде Тәуелсіздік жылдарында Солтүстік Қазақстан облысы өзінің дамуында айтарлықтай табыстарға қол жеткізгенін атап өтті. Жылдан жылға бюджетке салық және төлемдер түсімдерінің тұрақты өсуі байқалады.
Елімізге жасап жатқан күрделі де қажет жұмысы үшін алғыс сөздерін білдіріп, отбасыларына және жақындарына бейбітшілік, келісім, бақыт және мемлекеттің одан әрі дамуы үшін еңбекте жеміс, ашық аспан, амандық тіледі!
Содан кейін Департаменттің ең үздік қызметкерлері «Мемлекеттік кірістер органдарының үздігі» төсбелгісімен, ҚР ҚМ-ның, ҚР ҚМ МКК-нің, СҚО бойынша МКД мен Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің құрмет грамоталары және алғыс хаттарымен, сондай-ақ ҚР ҚМ МКК кеден және қаржы қызметі ардагерлері құрмет грамоталарымен марапатталды.
Ардагерлер кеңесі атынан Ардагерлер үйлестіру кеңесінің төрағасы, Құрметті азамат Бауыржан Ниязұлы Құлжанов құттықтау сөз сөйледі.





























