
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде Байланыс және ақпарат қызметкерлерінің күні мерекесі қарсаңында өңірлік БАҚ өкілдеріне құрмет көрсетіліп, іс-шара өткізілді.
Департамент басшысы Данияр Еренғалиұлы Жанәлінов кәсіби мерекемен құттықтай отыра, жылы сөздер айтты:
Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің еңбегі өте қиын және жауапты, өйткені, сіздердің қолдарыңызда, жер бетіндегі қуатты қару-сөз бар. Жоғары технологиялар мен ақпарат уақытында Сіздің еңбегіңіз әлеуметтік сала, экономиканың дұрыс жұмыс істеуі және барлық адамдардың өмірі үшін өмірлік қажетті болып табылады!
Журналистерге мемлекеттік орган мен қоғам арасында диалогты құру, толеранттылық пен келісімді қалыптастыру маңызды миссиясы жатады.
Біздің өңірдің азаматтары, сіздердің арқалараңызда мемлекеттік кірістер органы қызметі және біздің жүйеде орын алған, оқиғалар туралы ақпарат алады. Газет беттерінде өзекті түсіндіру материалдары, салық және кеден заңанамалары бойынша мақалалар, жыл басынан бастап 75 мақала жарияланған, теледидарда біздің сюжеттер, тура эфирлер, сұхбаттар, өткізілетін акциялар, пресс-конференциялар және брифингтар көрсетіледі, оның жалпы саны-28.
Бұдан әрі ақпаратты уақытылы және жедел орналастырғаны, көпжылдық жемісті ынтымақтастық үшін Қазақстан Республикасы ҚМ МКК Құрмет грамоталарын берді:
- директор тұлғасында Ерлан Бейсенұлы Тоқшалық, «Республиканская Телерадиокорпорация «Казахстан» АҚ Солтүстік Қазақстан облысының филиалына;
- директор тұлғасында – бас редактор Жарасбай Қабдоллаұлы Сүлейменов, «Солтүстік Қазақстан» облыстық қоғамдық- саяси газетіне,
Сонымен қатар СҚО бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің атынан алғыс хаттар:
-директор тұлғасында- Евгений Анатольевич Сазанов, «Муниципальный телерадиоканал акимата Северо-Казахстанской области» ЖШС-ке;
- директор тұлғасында- Олеся Александровна Герасимова, «Первый Северный» телеарнасына;
- бас редактор тұлғасында- Талғат Сәулембекұлы Айдарханов, Редакция газеты «Квартал Петропавловск» газетінің редакциясына,
- бас редактор тұлғасында- Назгүл Қайроллақызы Сүлейменова, «Северный Казахстан» облыстық қоғамдық- саяси газетіне.
Соңында, алдағы уақытта өзара ынтымақтастық, іскерлі және сындарлы болады деп, сенім білдірді.
Жаңа шығармашылық ізденістерді, материалдардың әрдайым өзекті болуын, басылымдар мен телехабарлардың айнымастай өсуін,оқырмандар мен көрермендердің шексіз сенімін,бақыт, құт-берек және денсаулық тіледі.