
Петропавл қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы ағымдағы жылдың 6 –шы мамырында Ұлы Отан соғысының 71-ші жылдық жеңісі қарсаңында тыл еңбегінің 3- іне кіріп шықты, оларды әрдайым материалды және моральдық қолдауға дайын.
Алдын ала қандай көмек көрсету қажет екенін біліп азық - түлік және тәттілер сатып алды.
Мамандар Мария Ефимовна Завгордняяға, Галина Васильевна Любыхқа, Борис Викторович Букатинға кіріп шықты.
Мария Ефимовна Завгордняя соғыстан кейін облыстағы қаржы бөлімінде 36 жыл қызмет атқарды. Басында қатардағы маман, содан сон ақырғы жылдары басшының қызметін атқарды. Оның еңбек кітапшасында жұмысқа қабылдау және зейнетке шығу туралы 2 мөр таңбасы бар. Мария Ефимовна «Қаржы жұмысының озаты» атты төс белгісіне және «Құрметті экономист» атағына лайық.
Тыл еңбекшісі қонақтарға өзі, отбасы жайлы және әрине 40- жылдар туралы айтып өтті.
- «Бәрі басталғанда мен 15 жаста болатынмын.Шығыс Қазақстанның ауылында, колхозда тұрдық. Жазда жұмыс істеп мектепке баратынмын. Қыста бізде оқу 1 қазанда басталатын. Соғыс біткесін Семейлік қаржы техникумына оқуға кеттім».
Мария Ефимовнаның әкесін және үлкен ағасын соғыс алып кетті, жолдасы соғыс ардагері болатын.
Тыл еңбекшісі мүмкіндігінше белсенді өмір сүруге талпынады: шахмат ойнайды, оқиды, ал жазда саяжайда жұмыс істейді.
Галина Васильевна «Қырық жыл жеңіске 1941-1945жж. ҰОС», «Тың жерлерін игергені үшін», «Еңбек ардагері» торқалы медальдармен марапатталды. Галина Васильевна Любых облыстың қаржы бөлімінде бюджет бухгалтері болып қызмет атқарды.
Соғыс басталғанда Галина Васильевна 15 жаста болатын. Солтүстік Қазақстанда Петропавл қ. тұрған. 1943 жылдың 20 тамызында қалалық қаржы бөліміне есепшіге оқушы болып түсті, кейін Орталық ауданға қаржы бөліміне бухгалтерге ауысты. 1981ж. зейнетке шықты.
Мемлекеттік кірістер басқармасының мамандары Мария Ефимовнаға, Галина Васильевнаға, Борис Викторовичқа денсаулық, бақыт, балалары, немерелері тек қана қуантып және әрдайым осындай позитивті болып қалуға тілектес болды.
Мамандар қандай көмек көрсету қажет екенін білді. Олар ардагерлерге нақты көмекті жүзеге асыруға, үй жинауға, ұсақ жөндеуге, медициналық және басқада мекемелерге тасымалдауға, Жеңіс күнінің 71- ші жылдығын тойлауға орай іс-шараға баруды жүзеге асыруға дайын.
ҰОС ардагерлеріне алғысымызды білдіреміз. Олар бізге өмір, біздің басымызға тыныш заман сыйлады, сол себепті олар оданда көпке лайық.