Жарияланған күні: 04.04.2016 17:07
Өзгертілген күні: 04.04.2016 17:09

     Сыбайлас жемқорлықты ескерту және алдын-алу   мақсатында,     Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменінің Ішкі қауіпсіздік басқармасымен 2016 жылғы 30  наурызда Петропавл қ. бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының  қызметкерлерімен профилактикалық кеңес өткізді.

 Петропавл қ. бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы М.Б.Мұхамеджанов  кеңесті ашты. Басқарма басшысы  осы  кеңестің мақсаты   мен міндетін баяндады.  

       Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменінің Ішкі қауіпсіздік басқармасының басшысы Д.Ж.Қадыров өз баяндамасында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықты болдырмау туралы, бағынышты лауазымды тұлғалардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы бұзған жағдайда, дербес жауапкершілікті бөлімше басшылары (басқармалар және бөлімшелер)  арқалайтынын,  атап өтті.              

 Бұдан әрі  Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменінің Ішкі қауіпсіздік басқармасының  аса мыңызды істер бойынша бас маман-аға тергеушісі    Д.С. Кәкімов өз баяндамасында Қазақстан Республикасының   «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы  іс-қимыл туралы»,  «Мемлекеттік қызмет туралы»   Заңдарын сақтау  туралы қызметкерлердің назарына жеткізді. Заңмен тәртіптік, әкімшілік не қылмыстық жауапкершілік көзделген, мемлекеттік қызметшілер тәртіптік,  қызметтік әдепті сақтауға, теріс қылықтарды және өзге құқық бұзушылықтарды болдырмауға  міндетті екендігін, атады.

              Бұдан басқа, Қазақстан Республикасы  мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексіне келісілген, «мемлекеттік қызметшілер  қызметтен тыс уақытта  жалпы қабылданған моральді-әдеп нормасын ұстануға,  қоғамға қарсы  жағдайды,  сонымен қатар     адамның  қадыр-қасиетін және қоғамдық өнегелілікті   қорлайтын,    мас  күйінде  қоғамдық  орындарда болуды   болдырмау».  

     2016ж. 28.03 бастап барлық жергілікті және орталық мемлекеттік органдардың ғимараттарына «қоңырау/жауап беру/хабарлама функцияларымен мобильдік телефондардан басқа,  ғаламтор-модульдарымен, сурет- бейне түсірілімдермен мобильдік құрылғыларды  (ұялы телефондар, планшеттер, смарт-сағаттар) кіргізуге тыйым салынғанына,  назар аударылды.

Мемлекеттік кірістер басқармасы бөлімдерінің басшыларына тұрақты негізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы зерделеу  бойынша   тапсырма берілді.