Жарияланған күні: 12.05.2016 15:58
Өзгертілген күні: 12.05.2016 15:59

2016 ж. 7 мамыр Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде Отан қорғаушы күні және Жеңіс күні мерекелік күндеріне арналған, салтанатты шаралар өтті!

Құттықтау сөзімен, Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне терең алғыстарын білдіріп және денсаулық және ұзақ өмір тілеп департамент  басшысы Д.Е. Жанәлінов сөз айтты.

Құттықтау сөзімен Ұлы Отан соғысы ардагері С.М. Мұхамеджанов        ардагерлер кеңесінің төрағасы З.Ж. Бекназаров сөз айтты.

Соғыс жылдарының өлеңдері және әндері айтылды. Соғыс жылдары қаза тапқан батырларды еске алуда, департамент қызметкерлері бір минут құрмет тұтты.

Отан қорғаушы күнін атап өтуіне орай, Қаржы саласындағы құқық бұзушылықтарды тергеу басқармасы бюджет саласындағы құқық бұзушылықтарды тергеу бөлімі аса маңызды істер бойынша бас маман -  аға тергеуші – С.М. Шаришевқа ҚР ҚМ МКК бұйрығымен қызметінде жоғары нәтижедегі жетістіктері үшін алғыс айтылды. Салық және кеден салаларындағы құқық бұзушылықтарды тергеу басқармасы басшысы – А.Е. Төлепбергеновке қызметтік міндеттерін үлгілі орындағаны үшін 2  санатты біліктілік классы мерзімнен бұрын берілді.

         Салтанатты жиналыс мерекелік концертпен аяқталды.