Жарияланған күні: 16.11.2016 17:30
Өзгертілген күні: 16.11.2016 17:32

Бизнестегі сәтсіздік жағдайында, кәсіпорын несие төлеуді тоқтатады, еңбек жалақысы бойынша берешекті өсіреді, салықты мезгілінде өтемейді, соның нәтижесінде айыппұлдар, мүлікке, есепке тыйым салынады, кәсіпорын тұйыққа тіреледі, берешектерін өтей алмайды.

«Оңалту және банкроттық туралы» ҚРЗ оңалту процедурасын қарастырады. Кәсіпорынның жойлуына және жұмыс орындарының қысқартылуына жол бермеу, оның мағынасы борышқорға төлем қабілеттілігін қайта орнатуға мүмкіндік ұсыну болып табылады. 

Оңалту процедурасы – сот процедурасы, қаржы-экономикалық, техникалық, инвестициялық, басқару, ұйымдастыру-шаруашылық, қайта құрылатын, құқықтық және өзге заңнамаға қайшы келмейтіе шаралар өтеуге шамасы келмейтін қарыздар шегінде қолданылады.

Қаржылық қиыншылықтарға ұшыраған кәсіпорындарға аяғына тұру мүмкіндігін пайдалану қажет, оңалтудың басты мақсаты кәсіпорынның өндірістік және қаржылық қызметінің тұрақтылығы болып табылады, бюджет, банктер және өзге несие берушілер алдында, несиелік берешекті толық өтеу және төлем қабілеттілігін қайта орнату болып табылады.

Борышқорды оңалтудағы көпшілік жағдайында бұл кәсіпорын, борышқорлар және олардың несие берушілерінде туындайтын мәселелерді тиімді тәсілі болып табылады. сақталған активтер инвестицияларды, қайта құру және инновациялық процесстерді және бизнесті сақтап қалуға тартады.

Оңалту процедурасын енгізу борышқорға артықшылық береді:

  1. 5 жыл ағымында кейінге қалдыру графигі бойынша берешекті тұрақты өтеу;
  2. Икемді графикті орнату, жұмыс мерзімін есепке алуда мерзімін ұзартуды орнату мүмкіндігі;
  3. Берешектің барлық түрлері бойынша (өсімдер және айыппұлдар) тұрақсыздық айыппұлды есептеу төлемін тоқтату, сондай-ақ алынған несие бойынша сый беру.
  4. Бан шоттарынан тыйым салулардың алынуы;
  5. Берешекті өтеу есебіне мүлікті оңалтуды тоқтату;
  6. Санацияны енгізу мүмкіндігі – инвесторды жауапқа тарту;
  7. Борышқордың оның өкілетті органымен, құрушысы (қатысушылары) жекеменшік мүлігіне борышқордың мүлігін және істерін басқару құқығын сақтау мүмкіндігі.
  8. Тендерде қатысу мүмкіндігі;
  9. Оңалту өндірісі пайдасына талап беруде, дебиторлық берешекті өндіріп алуды қоса алғанда мемлекеттік баж төлемінен босатылу;

Оңалту процедурасын қолдану туралы шешім қабылдаған кәсіпорын арызды сотқа жолдауы қажет.

Оңалту процедурасын қолдану туралы шешім заң күшіне енген күннен бастап үш ай ағымында несие берушілермен бірге борышқормен оңалту жоспары құрастырылады.

Сондай-ақ несие берушілер, осындай арызды берулері мүмкін, себебі оңалту процедурасын енгізу несие берушілерге бірқатар артықшылық береді. Бірінші кезекте берешекті 5 жыл ағымында кепілді қайтару, несие берушілер жиналысына қатысу және оңалту процедурасын енгізуді бақылау, борышқормен өз мүлікті мақсатсыз иелік ету тәуекелін қоспағанда, оңалту процедурасын жүргізудегі жөнсіздік айқындалғанда оны әрбір кезеңде тоқтату туралы сотқа өтініш ету.

Егер борышқор банкрот деп танылса да, «Оңалту және банкроттық туралы» ҚРЗ банкроттық процедурасынан оңалту процедурасына өту мүмкіндігін қарастырады. Осы жағдайда мүлік иесі және құрушы (қатысушы), немесе оның уәкілетті тұлғасы онымен құрылған оңалту жоспарын қарау үшін несие берушілер жиналысын жүргізу туралы өтінішпен банкроттық басқарушыға жүгінеді.

 

 

СҚО бойынша МКД борыштармен жұмыс басқармасы