Жарияланған күні: 10.06.2016 18:17
Өзгертілген күні: 13.06.2016 10:56

Қазақстан Республикасының Салық заңнамасын,    салық төлеушілердің құқығын сақтауды қамтамасыз ету мақсатында, өз құзіреті шегінде салық  міндеттерін орындау және тоқтату, туындауы бойынша түсіндіруді іске  асырады, Қазақстан Республикасындағы салық заңнамасындағы өзгерістер, әрекеттегі салық және бюджетке басқа да міндетті  төлемдер туралы ақпаратты салық төлеушілерге ұсынады.  

Құрамына мемлекеттік, құқық қорғау органдарының, банктардың, кәсіпкерлер палатасының өкілдері, сонымен қатар аудандық мемлекеттік кірістер басқармаларының басшылары кірген, арнайы құрылған жұмыс тобымен, ағымдағы жылдың  30 мамырынан бастап 9 маусым бойынша бизнесті дамыту және кәсіпкерлік саладағы өзекті мәселелерді жариялау бойынша мемлекеттік қолдаудың әрекеттегі шаралары туралы кәсіпкерлер мен халықты ақпараттандыру мақсатымен   облыста жұмыс жүргізілді. 

Мемлекеттік кірістер орагндарының басшылары өз баяндамасында 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап әрекетке енетін, Салық кодексіне енгізілген, өзгерістер мен толықтыруларға қысқаша шолу жүргізді. Қазақстанның ДСҰ қосылғаны, 1347 аса тауар бейінін   құрайтын, алынған тауарлар тізімі, электронды шот-фактуралар туралы,   жер салығы, мүлік және ойын бизнесі  салығын айтты.   БКМ қолдану, арнайы салық режимі бойынша түсініктеме берді.   «Оңалту және банкроттық туралы» ҚР Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу,   мүлікті және ақшаны жария ету рәсімін оңтайландыру  туралы   ақпараттандырды.  

            Бұдан басқа, мемлекетке  шығын келтіруді болдырмау, экономика саласында қылмыстарды анықтау және кесу мақсатында    департаментте  тәулік бойы сенім телефоны - 8 (7152) 46-33-29 істейтіні туралы ақпарат берілді.  Салық төлеушіге ыңғайлы болу  үшін ҚР Қаржы министрлігі  МКК сайты жұмыс істейді. Салық төлеушілер үшін салық салу бойынша ақпарат бар, облыстар бойынша департаменттердің мультисайтингі және СҚО бойынша МКД   (http://sko.kgd.gov.kz/) мульти- сайтингі сайтта орналасқан. 

Жұмыс тобының мамандарымен аудандардың кәсіпкерлерімен жеке консультациялар іске асырылды.