Жарияланған күні: 26.12.2016 15:48
Өзгертілген күні: 26.12.2016 15:49

         Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті (бұдан әрі-СҚО бойынша МКД) ағымдағы жылдың 20 желтоқсанында облыстық «Нұр Отан» партиясы филиалымен бірлескен салық төлеушілер мен сыртқы экономикалық қызметке қатысушылармен семинар өткізді. Бұл семинарға СҚО бойынша Кәсіпкерлер палатасынан өкілдері шақырылды.

       Семинарда СҚО бойынша МКД мемлекеттік қызмет көрсету бөлігінің барлық жаңашылдықтары мен жетістіктері ұсынылды, 2017 жылға салық және кеден заңнамасы мәселелері бойынша жаңа өзгерістер, сол сияқты шетелдік қаржыландырудың мониторингісі мәселелері қаралды.

       Салық  және кеден саласында мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі бойынша СҚО бойынша МКД мемлекеттік қызмет көрсетулер сапасын бақылау бөлімінің басшысы Ғалия Темірханқызы Күшенова сөйледі.

 Өзінің сөзінде ол қатысушыларды салық  және кеден саласында мемлекеттік қызмет көрсетудің қол жетімді және сапалы болуы мақсатында өткізіліп жатқан бірқатар іс-шаралар туралы таныстырып өтті. Мемлекеттік кірістер органдары салық төлеушілер мен сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға (жеке және заңды тұлғалар, және жеке кәсіпкерлерге) мемлекеттік қызметтердің 52 түрін ұсынады. Оның ішінде 32 қызмет салық бағытында және 20- кеден бағытында.

   Мемлекеттік кірістер органдарының барлық мемлекеттік қызметтер бойынша мемлекеттік қызметті көрсету стандарты мен регламенты әзірленген және бекітілген. Солтүстік Қазақстан облысының мемлекеттік кірістер органдары 2016 жылғы 9 ай ішінде 447604 мемлекеттік қызметтер ұсынылған. Оның ішінде салық саласында - 443111 қызмет, кеден саласында – 4493 қызметтер. Ең көп сұраныстағы мемлекеттік қызметтер бойынша, оларды «электрондық үкімет» порталына аудару бойынша жұмыстар жүргізіледі.

   Сонымен, салық есебін тапсыруды оңтайландыру және жеңілдету мақсатында, нысандардың өзін және қосымшаларын, сол сияқты оларды ұсыну тәртібін қысқарту бойынша жұмыстар жүргізіледі. Мысалға, 910.00 нысан- жеңілдетілген декларация тоқсан сайын тапсыру мерзімінен 2015 жылдан бастап жарты жылдыққа ауыстырылған. 2017 жылдан бастап жеке табыс салығы бойынша нысандарын қосу, яғни 210.00 нысаны бірыңғай салық есебінің 200.00 нысанына кіретін болады.

   Мемлекеттік кірістер органдары мемлекеттік қызметтері бойынша өтініштерді қабылдау ХҚКО-ға немесе жаңаша:»Азаматтар үшін үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамына функцияларын тапсыру бойынша жұмыстар жүргізді және жүргізіп жатыр. Солай, қазіргі уақытта 24 мемлекеттік қызметті ХҚКО арқылы альтернативті негізде алуға болады. Жылдың соңына дейін кеден бағытындағы 5 қызметті ХҚКО арқылы алуға мүмкіндік болады.

 Сол сияқты, Ғалия Темірханқызы қызмет көрсету мерзімдерін жеңілдету және қысқарту туралы, ұсынылатын құжаттар бойынша нақтылап айтып берді.

   «Қазақстан Республикасының кейбір заңды актілеріне өзгертулер мен қосымшалар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңымен енгізілген салық салу және кедендік әкімшілендіру мәселелеріндегі өзгерістер бойынша СҚО бойынша МКД Түсіндіру жұмыс басқармасының басшысы Лилия Мырзатайқызы Әбілева сөйледі, ол ЖТС, ҚҚС, акциз сияқты салықтар, көлікке салынатын салық бойынша өзгертулерді атап өтті. Тексерістерге қатысты өзгерістер бойынша резидент еместерге салық салу туралы айтып өтті.

 Солай, 2017 жылы 30 000 АЕК көлемінде ҚҚС бойынша есепке алу үшін  қолданыстағы төменгі шектік көрсеткіші сақталып қалады, әрі қарай 2018, 2019 және 2020 жылдары деңгейлік төмендейді, себебі ҚҚС бойынша тіркеу есебіне еркімен қою бойынша нормасы қайтарылған. Келесі  күндерге кештеу келетін сол салық кезеңінде есепке алуға жатқызылуы тиіс  қосылған құн салығы Салық кодексінің 256-бабы 3-тармағына нақтылау енгізілген: 

тауарлар, жұмыстар, қызметтерді алу күні; 

шот-фактурадан үзінді күні.

    Өкілетті экономикалық операторлардың қызметін жеңілдету, Қазақстанның аумағы бойынша бір елді мекеннің ішінде және әуе көлігімен жүру кезінде транзит процедурасын жетілдіру, кедендік әкімшілендіру бойынша түзету тексеріп қарау және қарау орындарына талаптарды анықтауды қарастырады. 

     Салық мәдениетін жоғарлату үшін және төлемдер мен төлем жүйесі мәселелері бойынша салық заңнамасына енгізілген жаңа өзгетулер туралы салық төлеушілердің ақпараттануымен түсіндіру жұмысы басқармасының бас маманы Ж. Қабдөшева таныстырды.

    Салық кодексінің 14,20,77,557 және 627-баптарына шетелдік қаржыландыруды мониторингілеу бөлігінде өзгертулер енгізілген. Солай Салық кодексінің 14-бабымен салық органдарын хабардар ету кейбір тұлғаларда, шетел қаражатын алатын, сол сияқты алу және жұмсау немесе мүлікті сату және келесі мақсаттарға бағытталған:

  • заңды көмек көрсету, соның ішінде құқықтық ақпараттандыру, азаматтар мен ұйымдардың мүддесін қорғау және жақтау, сол сияқты оларға кеңес беру;
  • қоғамдық көзқарас бойынша сауалнама, әлеуметтік сауалнама (тек коммерциялық мақсаттағы қоғамдық көзқарас бойынша сауалнама, әлеуметтік сауалнама), сол сияқты оларды тарату мен орналастыру;

ақпаратты жинау, талдау және тарату, тек көрсетілген қызмет коммерциялық мақсатта жүзеге асырылғандағы жағдайлардан басқа.