Жарияланған күні: 25.03.2016 16:13
Өзгертілген күні: 29.03.2016 09:46

Наурыз – Шығыс халқында пайда болған, ескі мейрамдардың бірі. Бұл- ашық мейрам- көктемгі күн мен түннің теңестірілген, жанданған күн.  

Біздің қаланың салт-дәстүрін құрметтеп, ұлтаралық бірлік  белгісінде мемлекеттік мереке қарсаңында, Мемлекеттік кірістер департаменті және Петропавл қ. бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының ұжымдарымен біздің көп ұлтты республикада тұратын ұлттардың тағамдарының мерекелік конкурсы  ұйымдастырылды.  

2016 жылғы 18 наурызда шарлар  мен  ленталар ілінген, мерекелік жиналған  Петропавл қ. бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының Ақпараттарды қабылдау және өңдеу орталығы келушілерді қарсы алды.     Мұнда келушілер үшін 7 мерекелік  дастархан жайылды, онда 7 ұлттың тағамы  ұсынылды: қазақ, орыс, өзбек, татар, кавказ, украина және түрік.     Әр дастархан жанында   ұлттық костюм киген қыздар өз тағамдарын ұсынды.Барлық келушілерге Наурыз-көже, палау, бауырсақ және өзге тағамдармен   сияпат көрсетті.

Конкурс соңында, тосыннан жасалған сахнада жюри байқауына департамент қызметкерлерінің орындауында шығармашылық нөмірлер ұсынылды. 

Мереке күндеріне байланысты, департамент қызметкерлері  Мария Иванова Дефтерюкке,  Люция Андреевна Вичкановаға, Александр Григорьевич Егоровқа,  Зоя Дмитриевна Верниловаға  барып, материалдық көмек көрсетілді.  

Айта кеткенде, жалғыз осы акция ғана емес Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментімен моральды және материалды жәрдемге  мұқтаж,  қамқорлығындағы мүгедектерге, жалғызбасты қарт адамдарға   қайрымдылық көмек көрсету бойынша тұрақты негізде жұмыс жүргізіледі, сонымен бірге аға ұрпақтарға қамқорлық  көрсете, бұл дәстүрге айналды.

        Наурыз –адам мен табиғат бірлігінің мәңгілік мерекесі.