
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті «Бензин (авиациялықты қоспағанда) мен дизель отынына арналған акциз ставкаларын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 6 сәуірдегі № 173 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 29 қарашадағы № 793 қаулысына сәйкес бензин (авиациялықты қоспағанда) (ЕАЭО СЭҚ ТН коды 2710 12 411 0-2710 12590 0) импортына акциз ставкасы 1 тонна үшін 4 500 теңгеден 10 500 теңгеге дейін өзгертілді.
Қаулы ҚР НҚА эталондық бақылау банкінде электрондық түрде 2018 жылғы 30 қарашада жарияланды, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң, яғни 2018 жылғы 11 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізіледі.