Жарияланған күні: 02.03.2016 17:25
Өзгертілген күні: 02.03.2016 17:26

    2016 жылдың 25 ақпанында Мамлют ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы екінші деңгейдегі банк және аудан әкімдігі өкілдерінің қатысуымен мүлікті жария ету туралы заңнаманы түсіндіру жөнінде «Ашық есік күні» өткізілді. Бұл іс-шара салық төлеушілердің заңнаманы бұзуын болдырмау мақсатында өткізілді.

Бұл акцияға 26 адам қатысты.

Салық төлеушілерді толғандыратын негізгі сұрақтар:

-қандай мүлік жария етуге жатады;

-2014 жылғы 1 қыркүйектен кейін сатып алынған мүлік жария етуге жатады ма, мүлікті жария ету рәсімін қысқарту деген не;

-мүлікті жария ету жөніндегі арнайы декларация деген не;

-сатып алу-сату шартын құрастырусыз сатып алынған мүлік жария етуге жатады ма;

-егер меншік иесі қайтыс болса, ал мұрасы белгіленген тәртіпте ресімделмесе, мүлік жария етуге жатады ма;

-үйге қосып салынған құрылыс (гараж, сарай) жария етуге жатады ма;    

         Салық төлеушілердің барлық қойылған сұрақтарына толық жауаптар берілді. Сонымен қатар арнайы декларацияны нысан бойынша толтыру жөнінде түсініктеме берілді.

         Бұдан басқа мүлікті жария ету туралы акциясын елдің аумағында, сонымен қатар одан тыс жүргізу маңызы туралы түсініктеме берілді және Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен «Бес институттық реформаларды жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадам» ұлт Жоспарында «Индустрияландыру және экономикалық өсу» реформасында маңызды қадамдардың бірі болып белгіленген:

-қолданыстағы заңгамаға өзгерістер және толықтырулар енгізумен мүлікті және ақшаны жария ету рәсімін қысқартып, жария ету мәселесінің маңызын мемлекеттік деңгейде анықтау.

         «Ашық есік күніне» қатысушылардың назары мүлікті жария ету Қазақстан Республикасының азаматтары мен және тұруға рұқсат қағазы бар тұлғалардың кірістерін және мүлкін жоспарланған жалпыға ортақ декларациялауын енгізуге байланысты жүргізілетіндігіне және тәртіптік, әкімшілік және қылмыстық жауапкершіліктен құтқаратындығына және осы зардаптардың болмауын алдын алатындығына аударылды.