Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті ағымдағы жылдың 31 наурызында мүлік және ЖТС бойынша декларацияны (230.00нысаны) мемлекеттік қызметшілердің және олардың жұбайларының тапсыру мерзімі өтетінін, хабарлайды. Барлық мемлекеттік қызметшілерге соңғы күндерге қалдырмай, декларацияны уақытында тапсыруды ұсынамыз.
Салық кодексінің 185 және 186 баптарына сәйкес В соответствии со статьями 185 и 186 Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, судьялары, сондай-ақ «Қазақстан Республикасындағы Сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына, Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексiне және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңына сәйкес декларацияны тапсыру бойынша міндет жүктелген, жеке тұлғалар жеке табыс салығы бойынша декларация орналасқан (тұрғылықты) жеріндегi салық органына есептi салық кезеңiнен кейiнгi жылдың 31 наурызынан кешiктiрiлмей ұсынады.
2016 жылға мүлік және жеке табыс салығы бойынша декларацияны (230.00 н.) толтырғанда 2014 жылғы 25 желтоқсандағы №587 ҚР Үкіметінің қаулысымен бекітілген, мүлік және жеке табыс салығы бойынша декларацияны (230.00 н.) құру ережесін басшылыққа алу керек.
Декларация өз декларациядан( 230.00 н.) және табыстар мен мүлік туралы ақпаратты бөліп көрсету үшін арналған оның қосымшаларынан тұрады (230.01 н. бастап 230.02 н. бойынша).
Декларацияны толтырғанда түзету, тазарту, қолмен жөндету жіберілмейді. Көрсеткіштердің жоғында декларацияның тиісті жәшікшелері толтырылмайды. Декларация қосымшасы тиісті көрсеткіштерді ашу талап етілген, декларация жолдарын толтырғанда міндетті түрде құрылады. Декларация қосымшасы оны көрсету жатқызылған, деректердің жоғында құрылмайды.Салық кодексінің 61 бабы 3 тармағына сәйкес салық төлеуші декларацияға қол қояды.
Декларацияны тапсырғанда:
1)Келу тәртібінде қағаз тасығышта- екі данада құрылады, бір дана мемлекеттік кірістер органының белгісімен салық төлеушіге қайтарылады;
2) қағаз тасығышта хабарламамен тапсырыс хатпен почта бойынша – салық төлеуші хабарламаны почта немесе өзге байланыс ұйымы арқылы алады;
3) салық төлеуші электронды түрде мемлекеттік кірістер органдарының қабылдау жүйесімен салық есептілігін қабылдағаны немес қабылдамағаны туралы хабарлама алады.
Декларацияны уақытында тапсырмағаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілік көзделген.