Ақпанның 26 жұлдызында ауданымызға Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің мерейтойы шеңберінде «Мәңгілік ел» поезы келді. Теміржол воказылының алдына оларды қарсы алуға аудан әкімі Дәурен Байтөлешовтың басшылығымен ауданның басшылары этномәдени бірлестігінің өкілдері, үкіметтік емес ұйымдар, жастар жиналды. Таңғы сағат онда станцияның кезекшісі №909 поездың, яғни «Мәңгілік ел» поезының жақындағанын хабарлады. Әскери жанды оркестрінің дауысымен поезд тоқтады. Аққайыңдықтар ауданның қонақтарын жалауларымен, түрлі түсті шарларымен бұлғап, жұмыла қарсы алды. Бірінші болып поезд штабының басшысы Әміржан Альпеисов және поездың басшысы Руслан Барбасов түсті. Орыстардың дәстүрінше оларға каравай тұзбен, ал қазақша шашу шашты. Аудан әкімі Даурен қонақтарға алғы сөз сөйледі.
- Тәуелсіздігіміздің тарихы – елдің ұлы шежіресі. «Мәңгілік ел» жалпы қазақстандық шаңырақтың ұлттық идеясы, ата-бабаларымыздың арманы. Мұндай уақытта Қазақстан халқы әлемге өзінің ауызбірлігін, достастығы мен келісімін білдіруде. Бүгін «Мәңгілік ел» поезының аққайың жеріне келгендеріне қуаныштымыз. Қош келдіңіздер!
Келесі сөз кезегін поездың штаб басшысы Әміржан Альпеисов алды.
- Жылы қарсы алғандарыңызға көптен-көп рахмет, - деді Әміржан Қаирұлы. Солтүстік Қазақстан облысынан осы ауданда ғана боламыз. Және бұл ауданды таңдағанымыз жай емес. Мұнда Қазақстанның 130 этнос ұлттардың ішінен жүз шақтысы осы ауданда тұрып жатыр. Аудан өткен жылдардың дәстүрлеріне бай, және ауыл шаруашылығының дамуы, егін егу, экспорт потенциалы бойынша жоғарғы деңгейде. Поездың құрамында Қазақстан халқының Ассамблея мүшесі, ғалымдар, сарапшылар, докторлар. Барлығы жүз адамға жуық. Біздің тапсырмамыз – халыққа «Мәңгілік ел» идеясын насихаттау, медициналық, әлеуметтік, заңгерлік көмек көрсету, сонымен қатар ауыл шаруашылық мәселесі бойынша, кәсіпкерлік, білім және т.б. салалар бойынша кеңес беру. Осымен поезд төртінші өңірге келді және есеп бойынша 14 станция. Барлығы еліміздің 33 елдімекенінде болдық. Барлығымыз республиканың барлық министрлігі мен мекемелерінен, қоғамдық бірлестік пен орталығынан жиналған жүзден аса кісіміз.
Қонақтарды қарсы алу кезіндегі сөз кезегін «Мрия» этномәдени бірлестігінің басшысы Марина Полтавец алды. Сәлемд жеңілдікке берілетін дәрі-дәрмектер жетіспейді.
Руслан Назибекұлы бұл мәселені беме сөзін қазақ тіліндегі «Мен қазақпын» әнін шырқаумен аяқтады.
Содан кейін қонақтар бөлімдер бойынша бөлінді, санаулы мамандандырылған 30 шақты дәрігерлер емхана бас тартты.
Аудан әкімдігінде «Мәңгілік ел» поезының басшысы Руслан Барбасовтың басшылығымен қоғамдық келісімді қабылдау Кеңесі басталды. Ең алғаш болып сұрақты Татьяна Борисова қойды.
- Жылдың соңында және басындаақылауға алды.
- Бұл мәселе сіздердің аудандарында ғана емес, - деді ол, - барлық жерде осындай мәселе. Ең жоғарғы деңгейге өтінішхат жіберетін боламыз, бұл мәселе шешімін табады деген сенімдемін.
«Мәңгілік ел» - бірыңғай болашақ ұлты презентациялық Дәрісін «Мәңгілік ел» поезд штабының басшысы, Л. Н. Гумилев атындағы Евразиялық ұлттық университеттің халықааралық қатынас кафедрасының доценті Әміржан Альпеисов өткізді.
- Биыл Қазақ елі ең ұлы мереке – Тәуелсіздіктің 25 жылдығын атап өткелі отыр, - деді Әміржан Қаирұлы.
- Тарих көлемінде 25 жыл – бұл болмашы ғана, адамның өмірі көлемінде – қомақты бөлік. Осы уақыттың ішінде Қазақстан болып көрмеген жетістіктерге жетті. Біздің еліміздің экономикасы дами бастады, қазіргі таңда ауыл шаруашылығы белсінді және бұрыннан ата-бабамыз айналысып келген мал шаруашылығы дамуда. Өзге елдер Қазақстанның сенімді әріптес болуға лайықты мемлекет екеніне көз жеткізді, шетел инвестициясын тартуға жол ашылды. Негізгі мәселелерді шешіп алған соң, әлеуметтік, руханият мәселелерін соған ілестіре шешуге мүмкіндік жасалды. Осындай жетістіктерге жетуге біздің Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың салиқалы саясатының арқасында мүмкіншілік туды.
Аудандық кітапханада халық көп болды. Оқырман залында әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша, еңбек және жалақы туралы, зейнетақы және жәрдемақы бойынша азаматтарды қабылдауды өткізген – Қазақстан Республикасының әлеуметтік даму және денсаулық сақтау министрлігінің миграциясы және әлеуметтік қорғау, еңбек комитетінің сарапшылары Рұстам Рамазанов және Самат Ирахметов, сонымен қатар облыстық құрылымның өкілдері – әлеуметтік бағдарлама және жұмыспен қамтуды үйлестіру басқармасы басшысының орынбасары Ринат Елжасов, жәрдемақы және зейнетақыны тағайындау жөніндегі департамент директорының орынбасары Арай Нұғұманова және басқалары.
Келушілер мүгедектерді жұмысқа орналастыру, еңбек шарты тоқтатылған кезде жыл сайынғы еңбек демалысының төленген күндерін пайдаланған үшін өтемақы төлеу тәртібінде, бюджеттік саладағы техникалық жұмысшыларға денсаулығын жақсартуға байланысты жәрдемақы алу мәселесін қозғады.
Сонымен қатар, келушілер Республикамыздың ардагерлері туралы Заңды қабылдау жөнінде, «Д» есебінде тұрған науқастарды жеңілдікпен дәрі-дәрмек беруді қамтамасыз ету мәселесін көтерді. Дәрі-дәрмектердің бағасы көтерілгені жайында ескертулер айтылды.
«Мәңгілік ел» поезының өкілдері барлық сұрақтарға нық жауап беруге тырысты.
Осы жерде Қазақстан Республикасының заңнамалық актісіне еңгізу үшін біршама тілектерді жазып алды. Көбінесе, жеңілдік алушылар мен науқастарға қажетті дәрі-дәрмектерді сатып алу үшін қаражаттай өтемақы төлеуді ұсынды. Сонымен қатар, бала туғаннан кейін аналарға 3 жасқа жетілгенше бала күтіміне байланысты демалыс уақытында төлеу мәселесін қайта қарастыруларын ұсынды. Бұл баланың денсаулығын нығайтуға және елдімекенде бала туу санын көбейтуге септігін тигізер еді.
Қабылдау күні бойына созылды. Келушілер оларды бақылауға алынған мәселелерінің шешімі оң болатынына үміттеніп кетті. Барлық ҚР ДӘДМ сарапшыларына 32 адам жолыққан. Соның ішінде, 29-ы әлеуметтік қамтамасыз ету мәселесі бойынша, және үшеуі еңбек заңнамасының ережесін түсіндіру және қадағалау бойынша.
Аудан мәслихатының ғимаратында аққайыңдықтар үкіметтік бағдарламаға қатысу және бизнесті жүргізу мәселелері бойынша кеңес алды. Мұнда кеңінен қойылған сұрақтарға «Атамекен» кәсіпкерлердің ұлттық палатасының сарапшысы Арнұр Дарбаев жауап берді.
- Аққайыңдықтар бизнесті ашу және дамытуға несиелендіру мәселесін қозғады. Көбі бизнес жобасына, мемлекеттің көмегімен өз ісін бастауға және оны кеңейтуге қызығушылық танытты. Осында халықтың белсенді келгені, әрине, жағымды. Біз мал шаруашылығын дамытуға қатысты, ауыл шараушылығы өндірісін реттеу мүмкіндігіне қатысты барлық мәселелер бойынша кеңес беруге қуаныштымыз. Біз осы бағытта мемлекеттің саясатын түсіндіреміз, бастаушыларға және тәжірибелі кәсіпкерлерге не істеу керектігін айтамыз.
Біз дәлізде астаналық мамандардан кеңес алған Астрахан селолық округі Қаратомар ауылының тұрғыны Шолпан Искаковамен кездестірдік.
- Мен жаңадан ашылған кәсіпкермін, - деді ол. - Жуырда ауылда дүкен аштым. Мұнда бизнесті жүргізу жайында егжей-тегжейлі түсінік алу үшін келдім. Өзіме керекті көп нәрсені білдім, әрі қарай өзімнің идеяларымды жүзеге асыратын боламын. Сонымен қатар «Бизнеске жол картасы – 2020» шеңберіндегі мемлекеттің қолдау мүмкіншілігін шығармаймын. «Мәңгілік ел» поезына және кеңес берген ұйымдарға рахмет. Өте керек және қажетті іс.
Біз кеңесшінің бірімен әңгімелестік. «Даму» қорының құзіретін арттыру бағдарламасы бойынша бас менеджер Гүлмира Жакупова аққайыңдықтардың көбінде шағын бизнесті ашу жөнінде сұрақтарға байланысты екенін түсіндіріп өтті.
- Григорьевка селолық округінің тұрғындарының бірі, мүгедек, 500-600 дана қаздың жұмыртқасын шығаратын инкубатор сатып алуға көмектесуді сұрады. Оның ұсынысын «Даму-Көмек» сайтымызға саламын. Бағдарлама арнайы рухани мықты, табанды адамдар, өзінің әлеуетін толықтай жүзеге асыруға ықыласы бар, соның ішінде бизнеске – мүгедек-кәсіпкерлерді қолдайды.
Мәслихаттан кейін біздің тілшілер әр түрлі бағыттағы маман дәрігерлер қабылдап жатқан аудандық орталық емханада болды. Көбінесе талонды аққайыңдықтар бұл күні кардиологке және невропатологқа алды.
Аталмыш күні аудан тұрғындарын ХҚКО, әділет, білім бөлімінде министрлікке сәйкес мамандар қабылдады. Әрбір аққайыңдық өз мәселесіне байланысты кеңес алды.
Осы күні кешке СҚО-да Қазақстанның Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына арналған, «Мәңгілік ел» поезы Жалпыреспубликалық акцияның қатысушыларымен журналистер кездесіп, ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникация қызметінің өңірлік филиалының көшпелі брифингісі өтті.
Брифинг барысында поезд штабының басшысы, Л. Н. Гумилев атындағы Евразиялық Ұлттық университеттің профессоры Әміржан Альпеисов, «Қостанай облысының Азаматтық Альянс» ҚБ төрайымы Динара Өтебаева, жоғары санаттағы дәрігер-нефролог Бауыржан Рахметов сөз сөйледі. «Мәңгілік ел» поезы Астанадан 12 күн бұрын, 15 ақпанда шыққан. Поезд жұмысын 18 наурызда аяқтайды. Поезд штабының басшысы Әміржан Альпеисовтың айтуынша, аққайыңдықтар дәрігерге қаралу бойынша ерекше рекорд көрсеткен. Жарты күнде дәрігердің қабылдауына 500-ге жуық тұрғын талон алған. Оның көбі – бұл дегеніміз 92 аққайыңдық кардиологке қаралған. Мамандар соңғы емделушіге дейін қабылдайтынын айтып өтті.
- Егер біз кардиологке осындай сұраныс көп болатынын білгенде, мамандарды жұмылдыра әкелуші едік. Екібастұзда бізге дәрігер-гинекологке қаранатындар көп болатынын бірден ескертті, біз бұл мәселені бірден шештік. Мұнда да осылай істеу керек еді.
Басқа саланың өкілдері де әртүрлі әлеуметтік мәселелер бойынша кеңес беріп, қабылдау өткізді. Сонымен қатар, делегаттар «Мәңгілік ел» идеясын және бес институционалдық реформаны жүзеге асыру бағдарламасы туралы ауыл тұрғындарына түсіндіріп өтті. «Мәңгілік ел» қамқорлығымен Қазақстан жазығында жүріп жүрген, бізге келген поезбен 9-шы.
Ботагөз СМАҒҰЛОВА
(газета «Аққайын»)