
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің акт залында Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Д.Е. Жанәлінов Қаржы полициясының ардагері Марат Дәулиұлы Бекмұхамбетовті 70-жылдық мерейтойымен құттықтады.
«Сізді 70 жас мерейтойыңызбен шын жүректен құттықтаймын!Сіз әрдайым жарқын еңбегіңіз, үлгілі істеріңізбен халық алғысын арқалап, көптің көңілінен шығып келесіз. Жалынды жігеріңіз бен қажырлы қайратыңызды, мол тәжірибеңізді сарқа жұмсап, айшықты істеріңізбен танылып жүрсіз. Қоғамдық жұмысқа қомақты үлес қосып, ардагерлер қозғалысына және жас ұрпақты тәрбиелеуге белсенді атсалысасыз.
Сізге ұзақ өмір сүрерлік мықты денсаулық, баянды өмір, мол бақыт және отбасыңызға әрқашанда шаттық, дәулет пен ырыс, алдағы күндердің жақсылығын тілеймі».
Марат Дәулиұлы облыстың салық полициясы органдарында 1995 жылдан 2001 жылға дейін, бөлім бастығы, Кадрлар және ішкі қауіпсіздікті қамтамасыз ету басқармасы бастығының орынбасары лауазымдарында қызмет етті. Қаржы полициясы полковнигінің атағы бар.