Жарияланған күні: 07.02.2017 18:10
Өзгертілген күні: 07.02.2017 18:11

«ЕАЭО кеден аумағында тауарлар әкелімінің және айналысының кейбір мәселелері туралы» (бұдан әрі - Хаттама) 16.10.2015 ж. хаттамасын іске асыру мақсатында келесіні хабарлайды.

ҚР хаттамасы  бойынша міндеттерді орындау үшін, келесі шарттарды орындаумен, Қолданыстағы ақпараттық жүйесінің «Электронды шот-фактура» тауарларды есептеу жүйесі құрылған:

ҚР аумағына тауарлар әкелімі:

Кеден декларацияларының екі түрін рәсімдеу бойынша міндетті талаптар:

  • ЕАЭО БКТ ставкасы бойынша декларация нөмірінде «0» белгісімен баж төлемі;
  • ДСҰ ставкасы бойынша декларация нөмірінде «1» белгісімен баж төлемі.

Тізімнен тауарларды іске асыруда (Қазақстанда, сондай ақ экспорт кезінде):

  • Тауарлар декларациясы нөмірін көрсетумен үщінші елдерден әкелінген ЭШФ міндетті рәсімдеу;
  • ЕАЭО мемлекет-мүшелері аумағынан әкелінген, тауарлар әкелімі және жанама салықтар төлемі туралы өтініш нөмірін көрсетумен ЭШФ міндетті рәсімдеу (Өтініш);
  • Қазақстанда өндірілген, (СТ-1) /СТ-KZ тауардың шыққан жері нөмірін көрсетумен ЭШФ міндетті рәсімдеу.

Сонымен бірге, Еуразиялық үкіметаралық кеңестің 12.08.2016 ж. №5 шешіміне сәйкес тізімге кіретін, ҚР аумағынан тауарлардың ЕАЭО басқа мемлекет-мүшелері аумағында ауыстыру кезінде, ҚР ҚМ МКК органының мөрімен куәландырылатын, ілеспе құжаттар ретінде ЭШФ қағаз көшірмесі танылады, сондай ақ келесі құжаттардың бірімен сүйемелденеді:

  1. ҚР ҚМ МКО мөрімен куәландырылған, кеден декларациясының көшірмесі – ЕАЭО БКТ ставкасы бойынша үшінші елдерден әкелінген тауарларды ауыстыру кезінде;
  2.  СТ-1 нысанындағы тауарлардың шыққан жері туралы сертификаттың түпнұсқасы – ҚР аумағында өндірілген тауарларды ауыстыру кезінде;
  3. СТ-KZ нысанындағы тауарлардың шыққан жері туралы сертификаттың түпнұсқасы – бос экономикалық аймағы және бос қоймалар аумақтарында өндірілген тауарларды ауыстыру кезінде;
  4. Тауарлар әкелімі және жанама салықтар төлемі туралы өтініш көшірмесі – ЕАЭО басқа мемлекет-мүшелерінен әкелінген, тауарларды ауыстыру кезінде.

Қазіргі уақытта Ресей Федерациясының кеден органдарымен тауардың ілеспе құжаттарынсыз, тізімге кіретін, тауарлар әкелімі жағдайлары анықталды. Осындай тауарлардың әкеліміне жол бермеу мақсатында, ресей әріптестерімен жоғарыда көрсетілген құжаттарсыз тауарларды жоюды қолдануды белгілейтін, сәйкес нормативтік құқықтық актілерді дайындау бойынша жұмыс жүргізілуде.