Жарияланған күні: 07.02.2017 09:12
Өзгертілген күні: 07.02.2017 09:15

«Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 43-бабының 26-тармағына және 52-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап Мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалғаны туралы құжаттар, оның ішінде шот-фактуралар, электрондық нысанда рәсімделеді.

Бұдан тыс, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсндағы № 648 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидалары» 424 және 426-тармақтары қолданысқа енгізілгендігі қай жерде көрсетілген:

424-тармақтары: Шарттың орындалғаны туралы құжаттар (тауарды қабылдап алу-беру актісі, орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер актісі, шот-фактура) электрондық нысанда ресімделеді.

426-тармақтары: Тауарларды жеткізген кезде мемлекеттік сатып алу туралы шартты орындау мынадай кезекпен жүзеге асырылады:

1) жүкқұжаттың түпнұсқасын бере отырып, тауарды жеткізу орнына тауарды жеткізу;

2) өнім беруші тауарды жеткізу фактісін растайтын жүкқұжаттың электрондық көшірмесін тіркей отырып, веб-портал арқылы тауарды қабылдап алу-беру актісін ресімдейді;

3) тапсырыс беруші тауарды қабылдайды;

4) «Электрондық нысанда жазып берілетін шот-фактуралардың құжат айналымының қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 9 ақпандағы № 77 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10423 болып тіркелді) (бұдан әрі - Электрондық нысанда жазып берілетін шот-фактуралардың құжат айналымының қағидалар) сәйкес электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесі арқылы жазып берілген электрондық шот-фактураны ресімдеу;

5) тапсырыс беруші жеткізілген тауар үшін ақы төлейді.

Осылайша, 2017 жылдан бастап мемлекеттік сатып алу туралы   келесімдер бойынша   тауарларды сатып алу, жұмыстарды атқару, қызмет  көрсету кезіңде  шот-фактуралар, электрондық  түрде жазылады.

  Сондай-ақ,  еске саламыз шот-фактураны электрондық  түрде жазу міңдетті:

 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап – уәкілетті экономикалық операторлар;

2016 жылдың  11 қантарының бастап - Еуразия экономикалық одағының кеден аумағында тауарларды әкелу және айналымының кейбір мәселелері туралы Хаттаманың негізінде, алып қою Тізбесіне енгізілген, тауарларды сатушы, салық төлеушілер;

2016 жылғы 1 шілдеден бастап – кеден өкілдері, кедендік тасымалдаушылар, уақытша сақтау қоймаларының иелері, кеден қоймаларының иелері;

- 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап – мониторингке жататын ірі салық төлеушілер;

- 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастапҚҚС төлеушілер.

Салық төлеушіні ЭЕШФ АЖ порталында тіркеу кәсіп орынның басшысымен ЭЕШФ АЖ қатысушысы болып туындалады.

Халыққа қызмет көрсету орталығынан алынатын Ұлттық куәландыратын орталықта (ҚР ҰКО)  ЭЕШФ АЖ электронндық құжатты растау және жүйеде аутинтификациялау үшін кілттер қоданылады.

 Жүйеге тіркелу үшін кәсіп орын басшысына екі электрондық цифрлы қол қажет: жеке тұлғаға және заңды тұлғаға.

ЭЕШФ көшірмесі ережесін www.esf.gov.kz мекен- жайы бойынша Web-порталынан АЖ ЭЕШФ жүйесі бойынша ақпаратты анықтаманы алуға болады.