Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті келесіні хабарлайды.
Бүгінгі күнде Комитетің және Комитеттің аумақтық органдарының «Е-лицензиялау» Мемлекеттік кірістер базасының ақпараттық жүйесінің (бұдан әрі – ЕЛ МДБ АЖ) порталы арқылы мынадай:
- «Уәкілетті экономикалық оператор мәртебесін беру»
- «Кеден өкілдерінің тізіліміне енгізу»
- «Кедендік тасымалдаушылар тізіліміне енгізу»
- «Уақытша сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізу»
- «Кеден қоймалары иелерінің тізіліміне енгізу»
- «Еркін қоймалар иелерінің тізіліміне енгізу»
- «Бажсыз сауда дүкендері иелерінің тізіліміне енгізу»
- «Кедендік декларациялау жөніндегі маманның біліктілік аттестатын беру» мемлекеттік қызметтері ұсынылады.
Жоғарыда көрсетілген мемлекеттік қызметтерге өтінішті беру нысаня электрондық (ЕЛ МДБ АЖ арқылы) немесе жазбаша.
Сонымен бірге, бүгінгі күнде жоғарыда көрсетілген қызметтер www.elicense.kz портал құралы бойынша қызметтерді алу мүмкіндігі туралы заңды тұлғалардың білмеу себептері бойынша қағаз нысанында көрсетіледі.