Жарияланған күні: 30.05.2017 11:02
Өзгертілген күні: 30.05.2017 11:08

Қазіргі таңда мемлекеттік қызметтерді  сапалы көрсету  бойынша мемлекеттік органдар қызметінің  тиімділігін  арттыруға байланысты  мәселелер  айрықша өзекті және әлеуметтік маңызды. 

«Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау» түсінігі   Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі № 88-V «Мемлекеттік қызметтер туралы» Заңында анықталған.     

Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау – бұл селолық округтардың, селолардың, кеттердің, аудандық маңызы бар қалалардың, қаладағы аудандардың әкімдерімен, орталық мемлекеттік органдармен,   облыстық маңызы бар қалалардың, аудандардың, астананың, республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарымен көрсетілетін,  қолжетімді және сапалы мемлекеттік қызметтермен  қызмет алушыларды  қамтамасыз ету бойынша  шаралардың  тиімділігін анықтау бойынша қызмет. 

   Мемлекеттік кірістер органы, бекітілген стандарттар мен оны көрсету регламенттері бар, мемлекеттік қызметтердің 48 түрін  азаматтар мен бизнес субъектілеріне көрсетеді. 

 2016 жылы облыс бойынша тұтасымен алғанда 564 424   салық және кеден қызметтері  ұсынылды. Оның ішінде салық есептілігін  қабылдау және берешектің жоғы (бары) туралы  мәліметтерді беру –  жаппай қызметтер  болып табылады.

Тәуліктің  кез-келген уақытында жүгіну, қысқа мерзімде қызметтерді алу және т.б. қолайлы болғандықтан,   электронды түрде мемлекеттік қызметтерді алуға жүгіну  пайдаланушылармен  аса талап етілген.  

 Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру нәтижесінде  электронды түрде ұсынуға қызметтің 32 түрі іск асырылды, бұл  2016 жылы 88,4%  қызмет алушыларға  электронды  түрде   мемлекеттік қызметтерді алу мүмкіндігін берді. Сонымен қатар   «Салық есептілігін қабылдау» ең жаппай мемлекеттік  қызмет бойынша  электронды түрде 99,3%  қызмет  көрсетілді.

 «Азаматтар үшін  Үкімет» мемлекеттік корпорациясы НАО арқылы  альтернативті негізде қызмет  пайдаланушылардың алуы іске асырылды: 21 салық қызметі және 5 кедендік қызмет.  

Салық төлеушінің тіркеу есебіне  тіркеместен, эксаумақтық  қағида бойынша салық қызметтерінің 12 түрін алу мүмкін. 

Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасы артуының маңызды құралдарының бірі- оны көрсетілуін бақылау болып табылады. 

 Облыстың  мемлекеттік кірістер  органымен тұрақты негізде салық және кеден  қызметтерін көрсету сапасына  ішкі мониторинг іске асырылады.   Сонымен қатар «Құпия  тұтынушы» әдісімен көрсетілетін  қызметтердің сапасына  бақылау, мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасының мәселелері бойынша тақырыптық  тексерістер, ақпараттық жүйелер көмегімен қызметтерді көрсету  мерзімдеріне  қашықтық бақылау,  кезекті электронды жүйемен   меңгеру көрсеткіштерін талдау және бағалау, және т.б.   жүргізіледі.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасының  маңызды  мәнісі –проблемаларды анықтау және оны шешетін жолдарды іздеу, мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына азаматтардың қанағаттану деңгейін айқындау мақсатында, тұтынушылар пікіріне жүгінетін, қоғамдық мониторинг болып табылады.  

Қазақстан Республикасы салық төлеушілерінің  ассоциациясымен жыл сайын мемлекеттік кірістер органының мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын,  республиканың  азаматтар мен бизнес субъектілерінің қабылдау деңгейін анықтау  бойынша қоғамдық мониторинг іске асырылады.

 2016 жылы   қызмет алушыларға жүргізілген  әлеуметтік сауал  нәтижелері  бойынша  салық қызметтері бойынша облыста мемлекеттік қызметтерді көрсету  сапасына қанағаттану деңгейі -99,5%, кеден қызметтері бойынша – 100%.  Сонымен қатар  оң динамика байқалады, яғни  өткен кезеңмен салыстырғанда, салық және кеден қызметтерінің сапасына қанағаттану деңгейі  сәйкесті  0,3%  және  0,5%  өсті.

   Азаматтарға, өздеріне  көрсетілген қызметтерге оң немесе теріс әсерлер   беруге  жүргізілетін  қоғамдық  сауалдар мүмкіндік  береді,    сондай-ақ  мемлекеттік органдардың жұмысына  баға беру мүмкіндігін береді.       

 Қызмет алушылардың ұсыныстарын есепке алумен, мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын  бұдан әрі жақсарту мәселелері, мемлекеттік кірістер органының  жұмысында маңызды орын алады. Мемлекеттік кірістер органының  жүргізілетін барлық іс-шаралары мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін қамтамсыз етуге  бағытталған.