
Пресс-релиз
Мемлекеттік қызметтер басқармасы
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша
мемлекеттік кірістер департаменті
23.06.2025ж.
Мемлекеттік қызметшілер күні қарсаңында 2025 жылғы 20 маусымда "Үздік сапалы қызмет көрсетшісі" байқауының жеңімпаздары марапатталды. Байқауды Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі ұйымдастырды.
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер органдары "Сервистік көрсетілетін қызметті беруші" номинациясына қатысты. Осы номинацияда ғимараттарда мемлекеттік қызметтер көрсету шарттары, қажетті ақпараттың қолжетімділігі, техникалық жарақтандыру, мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін қажетті жағдайлар жасау бағаланады.
Бірінші кезеңнің қорытындысы бойынша халықтық дауыс беру және өңірлік комиссияны бағалау арқылы Мамлют ауданы бойынша МКБ жеңімпаз болып анықталды.
Мамлют ауданы бойынша Мамлют ауданы бойынша МКБ ұжымын, басшысы- Алмаз Төлегенұлы Усмановты жеңісімен құттықтаймыз!