Жарияланған күні: 14.03.2016 17:43
Өзгертілген күні: 14.03.2016 17:44

Мемлекет басшысы барлық мемлекеттік органдардың алдында қоятын, приоритетті міндеттердің бірі көрсетілетін мемлекеттік қызметтің сапасын арттыру болып табылады.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу тәртібін оңтайландыру және оңайлату мақсатында, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетімен 2016 жылғы 1 сәуірден бастап   мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді эксаумақтық ұстанымда көрсетуді енгізу бойынша пилоттық жобаны өткізу жоспарлануда.  

Пилоттық жоба республиканың үш аймағында Ақмола, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында  өтеді.

Сонымен қатар эксаумақтық осы облыстардың тек  шекаралас аудандарында   ғана қолданылып қоймайды және де тұтасымен барлық облыс  бойынша қолданылады. Мысалы: Солтүстік Қазақстан облысының Ғ.Мүсірепов ауданының шекаралас селосынан салық төлеушісі Қостанай облысының жақын  аудан орталығының мемлекеттік кірістер органында мемлекеттік қызмет алу үшін жүгіне алады. Ақмола облысы аудан орталығының селосынан салық төлеуші –Тайынша ауданының шекаралас мемлекеттік кірістер органына.  Сондай-ақ бір облыс ішінде: Қызылжар ауданының салық төлеушісі Солтүстік Қазақстан облысының жақын    мемлекеттік кірістер органына салық өтінішін бере алады, мысалы: Мамлют ауданы бойынша мемлекеттік кірістер органына.і эксаумақтық ұстанымда көрсету көрсетілетін қызметті алушының тіркелген жеріне байланыстың болмауын қарастырады, яғни қызметті жеке тұлғаның, жеке кәсіпкердің және заңды тұлғаның орналасқан жеріне және оның тұрғылықты орнына байланыссыз кез келген мемлекеттік кірістер органдарында алуға мүкіншілік беру.

 Сонымен бірге, Ақмола, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарының салық төлеушілері  мемлекеттік қызметті алу үшін тіркеу есебіне қойылмастан, осы 3 облыстардың  әр мемлекеттік кірістер органына мемлекеттік қызметті алу үшін жүгіне алады.

Эксаумақтық ұстаным бойынша пилотты жоба аясында мемлекеттік қызметті алу үшін  мүмкін жүгіну үшін мемлекеттік қызметтердің келесі  түрлері іріктелді: 

1)       Жеке кәсіпкердің тіркеу есебі. 

2)       Салық төлеушілерді тіркеу. 

3)       Жеке қызмет  түрлерін іске асыратын, салық төлеушінің тіркеу есебі. 

4)       Электронды салық төлеуші ретінде тіркеу есебі. 

5)       Салық міндеттерін орындау бойынша бюджетпен есеп-айырысулар жағдайы туралы дербес шоттан үзінділер, міндетті кәсіби зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешек, салық берешегінің жоғы (бары), сондай-ақ міндетті кәсіби зейнетақы жарналары мен   міндетті   зейнетақы жарналарын аудару және ұстау, есептеу,   әлеуметтік аударымдарды есептеу және төлеу туралы мәліметтер ұсыну.   

6)       Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған табыстар және ұсталған (төленген) салықтар туралы анықтамаларды беру. 

7)       Қазақстан Республикасының резиденттігін растау. 

8)       Салық есептілігін ұсынуды тоқтату (ұзарту, қайтадан бастау). 

9)       Қазақстан Республикасының салық заңнамасын түсіндіру. 

10)   Салық есептілігін қабылдау.   

11)    Салық есептілігін кері шақырту.  

12)    Бюджетке салық және басқа да міндетті төлемдер, өсімпұлдар, айыппұлдардың артық төленген сомаларын кері қайтару және есепке алу. 

13)   Төлем көзінен ұсталынған, табыс салығын кері қайтару.   

14)   Салық және (немесе) өсімпұлдарды төлеу бойынша салық міндеттерін орындау мерзімдерін өзгерту.   

15)    Салық салу объектілерін  және (немесе) салық салуға байланысты, орналасқан жері бойынша тіркеу есебі.  

Сондықтан жоғарыда аталған мемлекеттік қызметтерді алу мақсатымен, қызмет алушылар 2016 жылғы 1сәуірден бастап Солтүстік Қазақстан, сондай-ақ Ақмола және Қостанай облыстарының аумақтарындағы жақын мемлекеттік кірістер органдарына  да жүгіне алады.