
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде 2016 ж. 23 маусымында Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет күніне арналған салтанатты жиыны өтті.
Құттықтау сөзімен Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Данияр Еренғалиұлы Жанәлінов, кеден қызметі ардагерлер кеңесінің төрағасы Бауржан Ниязұлы Құлжанов сөз сөйледі.
Мемлекеттік қызметке қайтадан қабылданған қызметкерлер А.М.Мелехин және А.М.Макенов әкімшілік мемлекеттік қызметкер антын қабылдады.
Қызметтік міндеттерін үлгілі атқарғандары үшін және мемлекеттік қызмет күнін атап өтуіне орай Департамент басшысының бұйрығымен құрмет грамотасымен департаменттің 13 әкімшілік мемлекеттік қызметкерлері марапатталды.
«Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет күнін» атап өтуіне арналған Солтүстік Қазақстан облысының мемлекеттік қызметкерлер арасындағы спартакиадада 1 орын алғаны үшін облыс әкімінің атынан құрмет грамотасымен және кубокпен Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің құрама командасы марапатталды.
Спартакиадада келесі номинациялар бойынша белсенді қатысқаны үшін: волейбол, футбол, теннис, шахмат, департамент басшысының бұйрығымен қоғамдық өмірде белсенді қатысқаны үшін және спорттық жетістіктеріне қол жеткізгені үшін департаменттің 6 маманы құрмет грамотасымен марапатталды.