
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлері арасында
" Мемлекеттік кірістер органдары қызметінің Үздік PR стратегиясы "
конкурсы
өткізілетінін хабарлайды.
Бұл конкурстың мақсаты- МКО беделін арттыру және қызметін одан әрі жетілдіру, әлеуетін іске асыру және қызметкерлерін көтермелеу, сондай-ақ МКО-ның PR стратегиясын және ішкі корпоративтік коммуникацияларын жүзеге асыру болып табылады.
Шарттары:
- конкурс төрт кезеңде өтеді (Конкурс туралы хабарлау, материалдар қабылдау, материалдарды қарау, қорытындылау)
- Конкурсқа қатысуға мемлекеттік кіріс органдарының қызметкерлері жіберіледі, бір өтініш беруші бір пакеттен артық материал ұсынбайды;
- Материалдар PR-стратегиясының сипаттамасы презентация қосымшасымен және еркін нысандағы стратегияның жоспарымен болуы тиіс;
- материалдар 2018 жылдың 1 қарашасынан кешіктірілмей қазақ және орыс тілдерінде ұсынылады;
- материалдарды қарау оларды қабылдауды аяқтағаннан кейін 10 күн ішінде өткізілетін Конкурстық комиссия отырысында жүзеге асырылады;
- конкурстық комиссия ҚР ҚМ МКК жұмысшыларынан, үкіметтік емес ұйымдар мен қоғам өкілдерінен тұрады;
- конкурстың жалпы қорытындыларын шығару шеңберінде 3 жүлделі орынға жеңімпаздар жарияланады;
- сыйақыларды тапсыру және дипломдарды беру Ұлттық валюта - теңге күні кәсіби мерекесіне орайластырылады;
- жеңімпаздар салтанатты рәсім шеңберінде Конкурстық комиссияның шешімі бойынша Астана қаласында марапатталады.
СҚО бойынша МК