
Ағымдағы жылдың 22 ақпанында Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде (бұдан әрі-СҚО бойынша МКД) «Мемлекеттік қызметшінің әдебі және мінез-құлық нормалары» тақарыбында дәрісті СҚО бойынша МКД Әдеп бойынша уәкілі Қ.С. Шәкенова өткізді.
«Мемлекеттік қызметшінің әдебі және мінез-құлық нормалары» Нұсқаулығының негізгі аспектілері жарияланып, қатысушыларға ситуациялық мәселелер басым айтылды.
Сондай-ақ Қ.С. Шәкенова Халықтың мемлекеттік органдарға сенімін нығайту, мемлекеттік қызметте өзара қарым-қатынастың жоғары мәдениетін қалыптастыру және мемлекеттік қызметшілердің әдепсіз мінез-құлық жағдайларын алдын алу мақсатында, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі және ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқарау академиясымен бірлесіп Pocketbook (қалта әдеп кодексі) әзірленгенін тыңдаушылардың назарына жеткізді.
Ол мемл.қызметшілерге әдеп жөнінде мәселелер туындағанда басшылыққа алатын оқу құралы ретінде қолданылады. Бұл мәселелер мемлекеттік қызметшілердің жұмыстан тыс уақытындағы, қызметтік қарым-қатынас тәртібі, әлеуметтік желілерде, БАҚ-та халықтың алдында сөз сөйлеуі кезінде және мүдделі дауларға байланысты кез келген жағдайларда өзін дұрыс ұстау мәселелері. Жаднамада барлық ұсынымдар ыңғайлы және қол жетімді болу үшін оңайлатылған түрде мазмұндалған.
Покетбук 2 бөліктен тұрады: 1- бөлігі әдепсіз қылықтарға қатысты және 2-бөлігі –өнегелілік мәдениет қалыптастыру бойынша.
Одан әрі, тәртіптік тәжірибе нәтижелері бойынша, Департамент қызметкерлерімен Әдеп кодексін бұзудың нақты мысалдары келтірілді.
Солай 2016 жылы Әдеп кодексінің әр түрлі бұзушылықтары үшін Департаменттің 8 қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылған. 2017 жылы тәртіптік жауапкершілікке тартылғандардың саны азайып, 3 анықталды.
СҚО бойынша МКД