Жарияланған күні: 22.08.2018 18:05
Өзгертілген күні: 22.08.2018 18:06

«Мектепке жол» жыл сайынғы республикалық қайырымдылық акциясы шеңберінде, Ақжар ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы Талшық орта мектебінің 4 «А» сынып оқушысы Мәржан Жоламанға мектепке арналған керек-жарақтарды алу жолымен көмек көрсетті.

Берілген іс-шараның мақсаты – аз қамтылған және көп балалы отбасыларына, жетім және ата-анасының қамқорлығынан айырылған балаларға мектепке дайындалуына көмек көрсету болып табылады.

Кездесу барысында Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Ж.М. Сағатов оқушыны жаңа оқу жылымен құттықтап, оқуындағы жетістіктеріне тілектестігін білдірді.

 

 

Ақжар ауданы бойынша

Мемлекеттік кірістер басқармасы