Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті келесіні хабарлайды.
«Жол жүрісі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 72-бабы
1-тармағына сәйкес мемлекеттік тіркеу туралы құжатқа енгізілетін және уәкілетті органның ақпараттық жүйесінде мемлекеттік есепке алуға жататын көлік құралының міндетті тіркеу деректерінің бiрiне көлік құралының шыққан күні және айы көрсетiлмей көлік құралының шыққан жылы жатады.
Бұл ретте, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне индустриялық-инновациялық саясат мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 17 қарашадағы № 407-V Қазақстан Республикасының Заңында шыққан жылына байланысын ескере отырып, механикалық көлік құралдарын бастапқы мемлекеттік тіркеу үшін тіркеу алымының (бұдан әрі - алым) сараланған мөлшерлемелері белгіленген.
Баяндалғанның негізінде, алымды есептеу және төлеу мерзімі көлік құралының шыққан жылына сүйене отырып, іске асырылады, тиісінше шығарылған жылы тиісті жылдың 1 қаңтардан 31 желтоқсан аралығындағы кезеңі болып табылады.