
Қызылжар ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасында 2016 жылғы 25 ақпан күні мүлікті және ақшаны жария ету туралы заңнамаға түсініктеме беру бойынша «Ашық есік күні» акциясы өткізілді.
Барлық қызығушылық тудыратын сұрақтарға кәсіби құзыреттілігі бар мамандармен жауап берілді. Осы шараға Қызылжар ауданы әкімі аппаратының, «Цеснабанк» АҚ филиалы, «Казпочта» АҚ-ы филиалы, мемлекеттік кірістер басқармасының жауапты қызметкерлері қатысты.
Акция барысында 6 адам әр түрлі сұрақтар беріп, бәріне де толық жауап алды. Сонымен қатар, мүлікті жария ету барысында, кедендік және салықтық процедураларын оңайлату, оңтайландыруға бағытталған өзгерістерге де тоқтатылып, түсініктеме берілді.
1. ҚР аумағынан тыс жерлерде орналасқан мүлікті жария ету үшін, , онпайыздық алымды төлеу барысында қандай оңтайландырулары қарастырылған? Жауап: Қазіргі уақытта мүлікті жария ету айтарлықтай оңтайландырылған. Онпайыздық алым ҚР аумағынан тыс жерлерде орналасқан, оның ішінде тиісті тұлғаға жария етілген мүліктен ғана алынады. Алым көлемі, декларацияда көрсетілген мүліктің сомасынан есептеледі. Мүліктің бағасын жария етушідің өзі анықтайды.
2. Ақша жария етілді деп қашан есептеледі? Жауап: алым төленгені туралы түбіртек немесе ағымдағы шотқа аударылғанын растайтын құжаттарды қоса, мүлікті жария ету субъектісінің тұрған орны бойынша мемлекеттік кірістер органына арнайы декларацияны қабылдау күнінен бастап мүлік жария етілді деп есептеледі.
3. Жария ету шетел азамматтарына да қатысты ма? Жауап: Мүлікті жария ету Заңының 4 тармағы 1 бабына сәйкес, бекіткен тәртіпте мүлікті жария ету Қазақстан Республикасының азаматтары, оралмандар және Қазақстан Республикасына тұруға ыхтиярхаты бар тұлғалар болып табылады.
4. Тұрғындардың құқығын растайтын құжаттары жоқ болған жағдайда, таратылған ұйымдар, кәсіпорыдарға тиесілі тұрғын үй қоры қалай жария етіледі? Оны жария етуге құқыға бар ма? Жауап: Құқығы бар. ҚР Азаматтық кодексінің 35 бабы 2 тармақшасына сәйкес, заңды тұлғаның тарату шараларының заң жүзінде қабылданған күннен бастап, оның құқықтық қабілеті жойылады. Осыған байланысты, заңды тұлғаның жария ету мүлігіне талап ету құқығы да жойылады. Сондай-ақ, жария етуге қойылған мүлік, оған дейін тіркелмегені жөн.
5. Салынуы аяқталған мүлікті (лоджия, мансардтар және т.б.) жария етуге бола ма? Жауап: Жария етуге жылжымайтын мүлік жатады. Жылжымайтын мүлікке жасалған қайта жоспарлау, қайта жаңарту және басқа да техникалық өзгертулер жария ету объектісі болып саналмайды.
6. Мирасқоры жоқ, таратылған заңды тұлғаның атындағы жылжымайтын мүлікті қалай жария етуге болады? Жауап: ҚР Азаматтық кодексінің 35 бабы 2 тармақшасына сәйкес, заңды тұлғаның заңды құқықтығы, оның заң жүзінде тіркелген күннен басталып, заң жүзінде таратылған күннен бастап аяқталады. Сондықтан, заңды тұлғаның құқықтық қабілетінің жоқтығы, талап құқығына мүмкіндік бермейді. Сондықтан да, ондай мүлік жария етуге жатады.
7. Үй иесінің марқұм болған жағдайында, заңнама жүзінде бекітілген мерзімде мұрагерлік құқығын рәсімдемеген мүлікті, өтініш беруші жария ету арқылы рәсімдеуіне бола ма? Жауап: Егерде мүлік марқұмның атына тіркелген болса, ондай мәселе азаматтық заңнамамен бекітілген тәртіпте, мұрагерлік құқығы бойынша шешілуі тиіс. Ал егерде мүлік марқұм болғаның атына рәсімделмеген болса, онда жария ету субъектісі осы үйге жария ету үшін жүгінуге құқығы бар.
8. Шетелден Отанына ақша аударудың қауіпсіздік кепілі қаншалықты ашық және адал. Менде ондай ақша жоқ, алайда білгім келеді, ақша аударатын адам жауапкершіліктен қорқуы мүмкін ғой. Жауап: жария ету заңымен келесі бекітілген: жария ету процедурасы барысында алынған мәліметтердің құпиялылығы; жария ету барысында алынған ақпарат негізінде, мүлікті жариялаған жария етуші субъектісіне қатысты, процессуалдық іс-әрекеттерін жүргізуге, сонымен бірге әкімшілік және тәртіптік шараларын қолдану немесе қылмыстық қудалау жүргізуге тыйым салынады. Сондай-ақ, заңмен жария ету субъектілері бір қатар қылмыстар мен құқық бұзушылықтар бойынша әкімшілік және қылмыстық жауапкершіліктен босатылады, деп белгіленген.
Жария ету бойынша рақымшылық мерзімі 2016 жылдың 31 желтоқсанына дейін ұзартылды. Жария ету акциясын қалпына келтіруге және де жалпы декларация тапсыру үрдісінің басталуына бір жыл қалды. 2015 жылдың желтоқсанынан бастап, заңнамада жария ету процедурасын оңтайландыратын, құқытық қорғау және басқа да мемлекеттік ұйымдар тарапынан заңсыз әрекеттерінен қосымша кепілдік беретін жаңа қағидалар күшіне енді.
Енді жария ету субъектсіне рәсімделген Қазақстан Республикасы аумағындағы немесе шетелде орналасқан мүлікті тиісінше заңдастыру үшін, мүлікті жария етуші тұрған жері бойынша мемлекеттік кірістер органына арнайы декларацияны ұсыну арқылы жүргізіледі.
Заңнамаға сәйкес, мүлікті жария ету барысында алынған мәліметтер, үшінші тұлғаларға таратуға жатпайтын, құпия болып табылады. Мүлікті жария етумен байланысты, қандай да болсын мәліметті жария еткені үшін, заңнамамен қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. Жария ету фактілері бойынша қылмыстық іс қозғауға тыйым салынады. Жария етілген мүлік тәркілеуге жатпайды.