Жарияланған күні: 26.05.2016 10:15
Өзгертілген күні: 26.05.2016 10:17

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының бұйрығымен Ахан Саттарұлы Әлішев Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Құқық қорғау блогы басшының орынбасары болып тағайындалды.

А.С.Әлішев, 1972 жылы туған, Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін, Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін бітірді – заңгер, 2 санатты біліктілік классы.

1987 ж. қыркүйектен бастап 2015 ж. қаңтарға дейін Алматы және Астана қалаларында прокуратура органдарында қызмет атқарды. 2015 ж. қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінде қызмет атқарды, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Сотқа дейінгі тергеу департаменті Көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл басқармасы басшысының орынбасары лауазымын 2015 ж. маусым айынан бастап осы уақыт бойынша ұстанды.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы бұйрығымен Құқық қорғау блогы бойынша департамент басшысының орынбасары Қонысбек Балташұлы Ыбыраев атқарған қызметінен босатылды және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Сотқа дейінгі тергеу департаменті Көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл басқармасы басшысының орынбасары қызметіне тағайындалды.