Жарияланған күні: 27.11.2017 15:35
Өзгертілген күні: 27.11.2017 15:36

2017 жылғы 23 қарашада Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде «ҚР Әдеп кодексінің нормаларын сақтау» тақырыбында, Департамент қызметкерлерінің және Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа  қарсы әрекет ету Қазақстан Республикасы агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті өкілінің қатысуымен дөңгелек үстел өтті.  

         Департаменттің әдеп бойынша өкілі Қарлығаш Серікқызы Шәкенова Әдеп кодексінің нормаларына сәйкес мемлекеттік қызметші сыпайы, жалпыға бірдей моральді-этикалық нормаларды сақтауға тиісті деп атап өтті.

Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдепті бұзуы тәртіптік жазаға әкеп соғады. Былтырғы жылмен салыстырғанда әкімшілік жауапкершілікке тартылған қызметкерлер санының қысқаруының  оң динамикасын келтірді.

         Мемлекеттік қызметшілердің жалпы қабылданған моральді-этикалық нормаларды сақтаудың, сол сияқты қоғамға қарсы тәртіпті болдырмау, сонымен қатар жұмыстан тыс уақытта да негізгі аспектіліріне толығырақ тоқталып кетті. Сол сияқты әлеуметтік желілерде мемлекеттік қызметшілердің беделіне нұсқан келтіретін және сенімсіздік тудыратын, қоғамның сынына түсуге себеп болатын беделін түсіретін фотосуреттерді салмау ұсынылған.

         Әдеп кодексін бұзушылық пен әлеуметтік желілерде жағымсыз ақпараттарды жариялау бойынша ақпаратты қызметкерлерге Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа  қарсы әрекет ету Қазақстан Республикасы агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің бас маманы Алтынай Әлібекұлы Әбушәкімова жеткізді.

         «Мемлекеттік қызметтің беделіне теріс әсері тигізетін әлеуметтік желілердегі халықтың сенімін бұзатын жағымсыз ақпараты бар жариялымдар» мәселесі бойынша  психолог Александр Леонидович Тарасенко сөз сөйледі.

         Дөңгелек үстелдің соңына қарай Департаменттің қызметкерлері сұрақтар қойып, жауаптар алынды.