Жарияланған күні: 29.03.2023 21:53
Өзгертілген күні: 29.03.2023 21:54

Құрметті салық төлеушілер, Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 82-бабының 2-тармағына сәйкес, қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне міндетті қою көзделгенін еске саламыз.

Егер қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою мақсаттары үшін айналым мөлшері күнтізбелік жыл ішінде ең төменгі айналымнан асып кетсе, қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қоюға жататын тұлғалар орналасқан жері бойынша салық органына қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебі туралы салықтық өтініш беруге міндетті.

Салықтық өтініш айналым мөлшері ең төменгі айналымнан асып кеткен ай аяқталған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмей беріледі.

Мұндай міндет айналым бойынша ең төменгі шектен асқан салық төлеушілер үшін республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын 20 000 еселенген айлық есептік көрсеткіш (ағымдағы жылы бұл 69 000 000 теңге) мөлшерінде көзделген.

Салық төлеуші қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы Мемлекеттік кірістер органына салықтық өтініш берудің белгіленген мерзімін бұзған жағдайда – ӘҚБтК-нің 269-бабының үшінші бөлігіне сәйкес елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.       

ҚҚС төлеуші ретінде есепке қойылмаған кезеңде айналым жасау фактісі анықталған жағдайда, салық төлеуші ӘҚБтК-нің 275-бабының бесінші бөлігіне сәйкес әкімшілік жауаптылыққа тартылуға, атап айтқанда, есепке қойылмаған кезеңдегі айналым сомасының он бес пайызы мөлшерінде айыппұл салуға жатады.