Жарияланған күні: 29.06.2017 09:01
Өзгертілген күні: 29.06.2017 09:10

        2017 жылғы 23 маусымда  Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде Қазақстан Республикасының мемлекетік қызметші күніне арналған  салтанатты жиын өтті.

       Ұжымды   Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметші күнімен      департамент басшысы Данияр Еренғалиұлы  Жанәлінов  құттықтады:

        «Біздің ел  өтпелі кезеңді табысты атқарып, қазіргі таңда  дүниежүзілік   қоғамдастыққа  бұдан  әрі  интеграцияға бағытталған, бәсекеге қабілеттілікті арттыру және  қазақстандықтардың   өмірін жақсарту жөнінде жаңа мақсаттарды    алдына қояды.

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев біздің  мемлекетімізді   нығайту үшін бес институциялды реформаларды анықтады.  Соның бірі мемлекеттік қызметтерді сапалы ұсыну және экономикалық бағдарламаларды  тиімді іске асыруды қамтамасыз ететін, заманауи, кәсіби мемлекеттік қалыптастыру болып табылады.   

           Біздің өңірдің  бұдан әрі табысты дамуы-   көбінесе сіздердің  жоғары кәсібилігіңізге,  жан қиярлық еңбегіңізге және таңдаған ісіңіздің  адалдығына,  патриотизмге және белсенді азаматтық көзқарасыңызға байланысты!»

  Мемлекетік қызметші күнін енгізу, мемлекетті дамытуға салмақты үлес қосқан, қызметшілерді құрметтеу болып табылады.

           Осы  айтулы күнде  сіздерге зор денсаулық,  жанұяларыңызға  құт-береке, табыс және сәттілік тілеймін!»  

         Қазақстан Республикасының Мемлекеттік  қызметші  күнін атап өтуге  орай және қызметтік міндеттерді үлгілі атқарғаны үшін департамент қызметкерлері марапатталды.

Мемлекеттік кірістер органының ардагерлері: салық қызметінің ардагері-      Раиса  Владимировна Ибрагимоваға, кеден қызметінің ардагері -       Бағила   Зәкіржанқызы Қайдашеваға және қаржы полиция ардагері-Аманжол  Нүркенұлы Бимақовқа      -  мемлекеттік  қызметші  күнін атап өтуге  орай,   мемлекеттік кірістер органын дамытуға  қосқан айрықша  үлесі   мен  көп жыл  атқарған еңбегі үшін алғыс хаттар берілді.    

Облыстық шығармашылық конкурста белсенді қатысқаны және ең жақсы суретті  ұсынғаны үшін Камералдық бақылау басқармасы дипломмен  марапатталады. Сонымен қатар  көрмеге жақсы жұмыстар ұсынғаны үшін департаменттің  -     Борыштармен  жұмыс басқармасына, Кедендік бақылау басқармасына, Экономикалық тергеу қызметінің  Профилактикалық  жұмыс және бақылау басқармасына,  Қаржы саласындағы құқық бұзушылықтарды тергеу басқармасына, Ақпараттық технологиялар басқармасына,  Тарифтік реттеу және пост-кедендік бақылау басқармасына    алғыс жарияланды.

Сурет  конкурсына белсенді қатысқаны үшін қызметкерлердің балалары-Ясмин Мұратқызы Бағытжанова, Альмира Нұрланқызы Қарбаев, Саида Қанатқызы Бұрмағанова  департаменттің   алғыс хаттарымен  марапатталды.