Жарияланған күні: 15.04.2016 17:37
Өзгертілген күні: 15.04.2016 17:38

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рұқсат беру құжаттарын қысқарту және рұқсат беру рәсімдерін оңайлату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2016 жылғы 29 наурыздағы № 479-V Қазақстан Республикасының Заңымен ЕДБ немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың «электрондық үкімет» төлем шлюзімен арқылы кедендік баждарың және салықтардың төленген сомасы туралы берген мәліметпен және ақпаратпен тауарларды шығару үшін, кедендік баждарын және салықтардың төленгенін растау бөлігінде «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 30 маусымдағы Кодексінің 138-бабының 9-тармағына өзгерту енгізілді.    

138-баптың 9-тармағы жаңа редакцияcыңда:

Төлеуші немесе үшінші тұлға төлеушінің шотына кеден баждарын, салықтар мен өсімпұлды төлеген кезде, тауарларды шығару үшін мына мәліметтер мен құжаттардың біреуі немесе бірнешеуі олардың төленгенiнің растамасы болып табылады:

1) қазынашылық органдары мемлекеттік кіріс органдарына күн сайын беретін бюджеттік сыныптаманың кодтары бойынша түсімдер есептілігі нысандары бойынша деректер;

2) төленген кеден баждары мен салықтар туралы «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы екінші деңгейдегі банктер және жекелеген банк операцияларын жүзеге асыратын ұйымдар берген мәліметтер мен ақпарат;

3) «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы төленген жағдайда – «электрондық үкімет» жүйесінде жасалатын электрондық чек;

4) мемлекеттік кіріс органдарының ғимараттарында орналасқан екінші деңгейдегі банктің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның электрондық терминалдары арқылы төленген жағдайда – екiншi деңгейдегі банктің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның электрондық терминалдары беретін чек;

5) мемлекеттік кіріс органдарының ғимараттарында орналасқан банктің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның кассалары арқылы төлеген жағдайда екiншi деңгейдегі банктің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым кассаларының түбіртегі.

Бұл ретте осы тармақтың бірінші бөлігінің 3), 4), 5) тармақшаларында көрсетілген құжаттар мемлекеттік кіріс органдарында осы тармақтың бірінші бөлігінің 2) тармақшасында көрсетілген мәліметтер және ақпараттар болмаған жағдайда ғана талап етіледі.  

 Осы тармақтың бірінші бөлігінің 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген екiншi деңгейдегі банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың мемлекеттік кіріс органдарымен жасасқан тиісті шарттары болуы тиіс.

Тауарларды шығару мақсаттары үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі және оның филиалдары кедендік баждарды, салықтарды бюджетке төлеген кезде, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің төлем құжаттары көрсетілген кедендік баждардың, салықтардың бюджетке төленгенін растайтын құжаттар болып табылады.

Жоғарда көрсетілген Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Сонымен қатар бірінші ресми түрде Заң "Егемен Қазақстан" газетінде 2016 жылы 31 наурызда № 60 (28788) және "Казахстанская правда" газетінде 2016 жылы 31 наурызда № 60 (28186) жарияланды.