
2023 жылғы 17 тамызда Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру, оның қолданылу аясын кеңейту, тіл саясатын насихаттау мақсатында 5 қыркүйек - Қазақстан халқы тілдері күнін мерекелеудің айтулы күніне орайластырылған семинар өткізілді.
Бүгінгі таңда елімізде мемлекеттік тілдің мәртебесі мен қолданылу аясын кеңейту, оның бәсекеге қабілеттілігін арттыру бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде.
Қазақстан Республикасының егеменді, тәуелсіз мемлекет екенін айқындайтын Конституциялық құқықтың негізгі белгілерінің бірі мемлекеттік тіл болып табылады.
Мемлекеттік тіл-мемлекеттің бүкіл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық салаларында қолданылатын мемлекеттік басқару, заң шығару, сот ісін жүргізу және іс жүргізу тілі.
Мемлекеттік тілді еркін меңгеру бүгінгі таңда әрбір мемлекеттік қызметшінің алдында тұрған өзекті міндеттердің бірі болып табылады. Біздің әрқайсымыз мемлекеттік тілді дамытуға өз үлесімізді қосуға міндеттіміз.