Жарияланған күні: 17.11.2020 20:50
Өзгертілген күні: 17.11.2020 20:51

Картадан Каѕрі Gold картасына аударымдарды пайдалану кәсіпкерлерге өз кірістерін жасыруға, нақты айналымдарды көрсетпеуге мүмкіндік береді, ал олардың қызметі айқын болуға тиіс, оның үстіне 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап 3 жылға шағын бизнес табыс салығын төлеуден босатылған, сондай-ақ осы мерзімге шағын және орта бизнесті тексеруге мораторий енгізілген, сондықтан неге ашық және айқын жұмыс істемеске?

 

Салық кодексінің 166-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында ақшалай есеп айырысулар, егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, модельдері мемлекеттік тізілімге енгізілген деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар БКМ міндетті түрде қолданыла отырып жүргізіледі.

 

Салық кодексінің 165 – бабының 1) тармақшасына сәйкес ақшалай есеп айырысулар – қолма-қол ақша және (немесе) төлем карточкаларын пайдалана отырып есеп айырысулар арқылы тауарды сатып алу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету үшін жүзеге асырылатын есеп айырысулар.

 

Осылайша, Kaspi.kz мобильді қосымшасында жүзеге асырылатын ақша аударымдары тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді жеткізушіге ақшалай есеп айырысулар болып табылады және бұл жағдайда БКМ чегін беру міндетті.

 

"Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" ҚР Заңы тұтынушының тауарды сатып алған күннен бастап, егер шартта неғұрлым ұзақ мерзім белгіленбесе, тиісті сападағы тауарды 14 күн ішінде айырбастау немесе қайтару құқығын белгілейді.

 

Тұтынушы ретінде өз құқығыңызды қорғау мақсатында сатып алу кезінде міндетті түрде БКМ чегін беруді талап етіңіз. Жаңа талаптар бойынша БКМ чегінде тауардың атауы, тауардың бағасы мен саны, фискалдық белгі және БКМ пайдалану орнының мекенжайы мен штрих-код көрсетіледі.